ОҚИҒАЛАР

Тауық болған бүркіт

Бүркіттің балапаны кездейсоқ тауықтардың ортасына түсіп кетеді. Ол өзін тауық сияқтымын деп ойлап, тауық сияқты әрекет етіп жүреді. Дәл тауықтар сияқты дауыс шығарып, тамақ іздеп жүгіріп жүреді. Бір күні ол аспанда ұшып бара жатқан бүркітті көреді. «Қандай ғажап құс!? Қаншалықты биікте ұшып жүр!? Менде осы құс сияқты ұша алсам ғой.» деп армандағанда жанындағы балапандар «Біз тауықтың балапанымыз. Босқа армандама!!! Ол бүркіт. Сен ол сияқты ешқашан ұша алмайсың.» дейді. Бүркітmің балапаны қатты қайғырады. Біреу оған өзінің бүркіт екенін сендіруі керек еді. Бірақ оған бүркіт екенін ешкім айтқан жоқ. Сондықтан ол өмірінің соңына дейін тауық сияқты өмір сүрді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!