ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Ас содасының пайдалары

Ас содасын нан, тоқаш пісіруден басқа тұрмыстық мәселелерді шешу үшін қолданылатынын сіз білетін шығарсыз. Егер сіз оны дәл қалай пайдалану керектігін және оның пайдасы туралы нақты білгіңіз келсе, төмендегі ақпаратқа назар аударыңыз.

  1. Аузыңыздан жағымсыз иіс шығып тұрса таңертең және кешке тіс тазалағаннан кейін, бір стакан қайнаған суға бір шай қасық ас содасын салып шайып жүріңіз.
  2. Суық тиген кезде тамағыңызды ауырса немесе мұрыныңыз бітелсе, оны ас содасымен қайнатылған ыстық суға булап емдей аласыз.
  3. Жаттығудан кейін содасы бар ыстық ваннаға түсу бұлшықеттерді босаңсытып, демалдырады.
  4. Қол немесе аяқ сынып ұзақ уақыm гипсте болған жағдайда құрғақтық пайда болады. Бұл жағдайдың алдын алу үшін гипстің қуыстарына аздап сода жағу керек.
  5. Өкше қатайып мүйізделген теріні жұмсарту үшін аяғыңызды содалы суға 20 минут салып, кейін ылғалдандыратын май жағыңыз.
  6. Аяқтың иісін кетіру үшін күн сайын кешке сода мен жалбыз майы қосылған ыстық суға 15 минут малыңыз.
  7. Масалар және аралар шағуынан пайда болған ісікті дымқыл содамен емдеуге болады. Бірден ісік басылады.
  8. Тыртықты ылғалдандыратын маймен араластырылған сода арқылы кетіруге болады. Бұл әдісті үнемі қолдану тиімді.
  9. Кеудеңіз ауырған кезде аз мөлшерде ас содасы бар бір стакан ыстық сүт ішіңіз.
  10. Қолыңызды аптасына екі рет жылы содалы суға малсаңыз бактерияларды жояу, құрғақ теріні жұмсарту және маникюр жасауға қолайлы болдырады. (ханымдарға)
  11. Химиялық затсыз дезодорант іздесеңіз ас содасы бар. Суға түскенен кейін денеңізге аздап сода жақсаңыз терлеуді азайтып, иісті басады.
  12. Пияз, сарымсақ, балық сияқты өткір тағамдарды ұстағаннан кейін қолыңызды қанша жусаңыз да, иісі кетпейді. Оны кетіру үшін бір рет сабынмен, кейін содамен жуыңыз.
  13. Мыс, алтын, күміс ыдыстарды ас содасымен жуып көріңіз. Жарқырап шыға келеді.
  14. Тоңазытқыш немесе шкафтағы жаман иісті басу үшін сол жерге содалы шыны қойыңыз. Бір күнде жоғалады.
  15. Сондай-ақ, күмістен жасалған алқалар, сақиналар сияқты өңі түскен бұйымдарды содалы суға 15-20 минут салып қойыңыз, кейін таза сумен шайыңыз.
  16. Ақ түсті киімдерді жуған кезде аздап сода қоссаңыз, киімнің түсі ағарып, қалпына келеді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!