ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Менің анам орамжапырақ орамасын осылай дайыдайды. Дәмі керемет! Сізде үйреніп алыңыз

Орама тағамдардың дайындалу жолы қиын және көп уақытты қажет етеді. Ал мына орамжапыраққа оралатын етті тағам оңай дайындалады. Сондай-ақ, дәм де ерекше. Орамжапырақ жапырақтарын оңай орау үшін оны ыстық суда жібітіп алған жөн. Ендеше, іске сәт!

Құрамы:

  • Орамжапырақ — 1 дана
  • Тартылған ет — 600 гр
  • Пияз — 3 дана
  • Бұрыш – Бір шымшым
  • Базилик — 1 шәй қасық
  • Ұн — 1 ас қасық
  • Қаймақ — 1 стакан
  • Томат пастасы — 1 ас қасық
  • Өсімдік майы – 1 ас қасық

Дайындау:

Орамжапырақтың орамдарын ажыратып алғаннан кейін, ыстық суға салып 5-6 минутқа қалдырыңыз. Кейін пиязды ұсақтап тураңыз. Енді тартылған етке туралған пиязды, 1 шәй қасық базилик, тұз және бұрыш қосып, жақсылап араластырыңыз.

Орамжапырақтың жұмсарған жапырақтарына 2-3 қасықтан тартылған ет қоспасын салып, ораңыз. Бірнеше орамалар дайын болғаннан кейін, қалыпқа салып, 180 градус температурада қызған пешке 10-15 минут пісіріңіз.

Бұл уақытта қосымша тұздығын дайындауыңызға болады. Ол үшін табаға қаймақ пен томат пастасын салып, араластырыңыз. Оған 1 стакан су мен 1 ас қасық май қосып, кейін құрғақ ұнды сеуіп, қайтадан араластырыңыз.

Дайын болған тұздық қоспаны 10 минут баяу отта қайнатыңыз. Қызарған орамаларды пештен алып, үстіне тұздығын құйыңыз. Содан кейін оны қызған пешке қайта 40-50 минут пісіріңіз.

Соңында дайын болған орамжапырақ орамасын талғамыңызға қарай сәндеуіңізге болады. Асыңыз дәмді болсын!

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!