ОҚИҒАЛАР

Әрбір адамның міндетті түрде оқуы керек оқиға

Балық аулау арқылы отбасын асырайтын теңізші болыпты. Жаз мезгілі бітіп теңізші қайығын қоймаға сақтамақ болады. Бірақ ол қайықтың түбінен тесік көреді. Жаз әлдеқашан кетті. Енді бұл жазға дейін қажет емес деп қайығын жөндемей тура қоймаға апарып қояды.

Жаз болып балалар әкесінен теңізде ойнау үшін қайық сұрап алып, теңізге жүзіп кетеді. Бірақ екі сағаттан кейін әкесі кенеттен қайықтың түбінде тесік бар екенін есіне алды. Әкесінің жүзі бозарып кетеді, өйткені оның балалары шомыла алмады. Үрейленген адам бар жылдамдықпен теңізге қарай жүгіреді.

Жағаға жүгіріп келсе, қайықта ойнап отырған балалар әкесін көріп ескек есіп жағаға келеді. Әкесі балаларын құшақтап, тыныштанғаннан кейін қайықтың түбін қараса бір ғажабы, тесік жоқ болып шығады.

Ол қайықтың түсін қалпына келтіру үшін оны бояушыға қалдырғаны есіне түседі. Сол адам тесікті бітеген екен деп, көзіне жас алып бояушыға барып: «Сізге көп рахмет. Сіздің кішкентай көмегіңіз балаларымның өмірін сақтап қалды. Алла разы болсын.» дейді.

Басқаларға көмектесу үшін керемет болудың қажеті жоқ. Сіздің қарапайым кішкентай көмегіңіз біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!