БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Ақша жинап, үнемдеудің ТАҢДАУЛЫ 22 тәсілі

Ай сайынғы табысыңыз жақсы болса да, ақшаңыз жеткіліксіз ба? Олай болса, сізге осы 22 әдісті қолданып ақша үнемдеуді үйрену керек екен. Ақшаны үнемдеп үйренудің ең жақсы 22 тәсілі.

  1. Бюджетіңізге қарап айына 1000, 2000, 5000 және 10000 арасында сақтаңыз. Ең бастысы ай сайын тұрақты болуы керек. Осылайша ақшаңызды үнемдеп көбейте аласыз.
  2. Дүкен аралаған кезде кездейсоқ зат сатып алуды доғарыңыз. Дүкен араламас бұрын тек қажетті нәрселердің тізімін ғана шығаруды ұмытпаңыз. Бұл сіздің көп ақшаңызды үнемдейді.
  3. Табысыңыздың бір бөлігін ұзақ мерзімді мақсаттарыңызға сақтаңыз. Ешқашан «Шаршаған кезде пайдаланамын» деп ақша жинамаңыз. Сіз ақшаға емес, ақша сізге жұмыс істеуі керек.
  4. Бағасы түсетін тауарларды ешқашан қарызға алмаңыз. Сіз ақша жинасаңыз, сіз қосымша табыс табасыз (жинақ бойынша пайыздар), ал несиеге сатып алғанда, сіз қосымша (пайыздар) төлейсіз. Кейде бұл шығындар өте жоғары болады.
  5. Үйде тамақтану – ең қарапайым, пайдалы және үнемді әдіс. Интернеттен бірнеше пайдалы рецепт тауып, үйде тамақтаныңыз. Мейрамханадан аулақ болыңыз.
  6. Жұмыс жерде, түскі асты үйден алып келу тез тамақтануға және көп ақша үнемдеуге септігін тигізеді.
  7. Көп мөлшерде сатып алу ақша үнемдемейді. Тамақ материалдарын көп мөлшерде алып сақтаудың қажеті жоқ. Әр заттың сақтау мерзімі бар екенін ұмытпаңыз.
  8. Асықпаңыз. Дүкеннен көргеннің бәріне ашкөз болудың қажеті жоқ. Ең дұрысы – тізім жасау. Екі-үш күннен кейін шұғыл қажет нәрсені тағы бір қарастырыңыз. Егер сізге шынымен қажет болса ғана сатып алыңыз.
  9. Көп қолданбайтын нәрселерге тапсырыс беруден бас тартыңыз. Қажет емес нәрсеге ақша жұмсамаңыз.
  10. Сатып алар кезде әрдайым бюджетіңізді есептеңіз. Бұл сіздің шығыстарыңыздың кірістеріңізден асып кетуіненен алдын алады. Ертеңін ойламай сауда жасайтындар бар. Олар сияқты болмаңыз.
  11. Үй, көлік және саяхатты сақтандыруды ұмытпаңыз. Бір абайсыз қадам сіздің түбіңізге жетуі мүмкін.
  12. Сенімсіз адамдарға ақша қарыздамаңыз.
  13. Зейнетақы жоспарларына өте мұқият болыңыз. Шешім қабылдаған кезде жоспарыңыздың қалай өзгеретінін есептеңіз.
  14. Төлем мөлшерлемесін жаңартыңыз. Интернет, ұялы телефон және басқа қызметтер тарифтерін. Компаниялар жаңа клиенттерді тарту үшін әр түрлі жаңа және тиімді тарифтер ұсынады.
  15. Егер сізде артық бөлме немесе үй бар болса оны жалға беріңіз.
  16. Кеңінен жарнамаланатын өнімдерді сатып алмаңыз. Себебі жарнамалық шығындар тауарлар мен қызметтердің бағасына кіреді.
  17. Автокөлігіңізді өте абайлап және дұрыстап ұстаңыз. Себебі автокөліктердің бұзылуына көп ақша кетеді. Егер сіз абай болсаңыз, сіздің ақшаңыз әмияныңызда қалады.
  18. Газет сатып алудың орнына интернеттегі ақпаратты оқыңыз.
  19. Жеңілдік билетін үнемі қолданыңыз. Біз бұл нәрсеге көп мән беремейміз.
  20. Темекі шегуден бас тартыңыз. Күніне бір қорап шегетін болсаңыз, айына қанша теңге жоғалтқаныңызды есептеп көріңіз. Темекіден бас тарту ақшаңызды үнемдеуге ғана емес, денсаулығыңызға да әсер етеді.
  21. Денсаулығыңызды ойлаңыз. Ауру тек физикалық және эмоционалдық күйзелістерді тудырмайды. Сонымен қатар экономикалық дағдарысқа да әкеледі.
  22. Ең бастысы қажет емес нәрселерге ақша жұмсауды тоқтатыңыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!