ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Балаңызға ешқашан айтуға болмайтын 6 нәрсе

  1. Балаға семізсің деп айтпаңыз. Әсіресе жас өспірім (10 мен 15 жас аралығындағы) кезінде. Семізсің деп айтқан кезде балаңыз қандай реакцияда болатынын жақсылап бақылап көріңіз.
  2. Қолыңнан ештеңе келмейді деген бала өзін шынымен ештеңе істей алмаймын деп ойлайды. Ақымақ бала деген ешқашан болмайды. Балаңыз қандай сөздермен қоректеніп жатқанына мұқиат болыңыз.
  3. Баланы ешқашан ақымақ деп айтпаңыз. Қандай да бір нәрсені баяу қабылдау, бұл оның ақымақ екендігінде емес. Жай ғана мидың ерекше өзгешеліктерінде. Әр бала әр түрлі болады.
  4. Ажырасқаныңыз үшін немесе тастап кеткені үшін, бірге өмір сүрмейтін ата-анасымен салыстырмаңыз. Бұл жағдайда бала өзін кінәлі сезінеді.
  5. Өзіңіз ешқашан бала болмаған сияқты әрекет жасамаңыз. Ата-анаңыз мүмкін сізге ұрысатын болған шығар. Бірақ сіз ол өмірді балаларыңызға көрсетудің қажеті жоқ.
  6. Жақсы оқуды, алтын медаль жеңіп алуды, олимпиадаға қатысуды талап етпеңіз. Ата-аналар, балалары математиканы жақсы игерсе болды деп ойлайды. Егер математикаға нашар болса олардың сабағы нашар деп ойлайды.

Бірақ әрине, балаларға білім қажет. Сондықтан, балаңыздың үй тапсырмасын орындауға арнайы уақыты шығарып талап еткеннің орынына көмектесуді үйреніңіз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!