ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Аш қарынға ара балы қосылған су ішу ӨТЕ пайдалы

Терінің, дененің сау болуы ас қорыту жүйесіне тікелей байланысты. Сондықтан мамандар аш қарынға ара балы қосылған су ішуге кеңес береді. Таңертең оянғаннан кейін ішкен бал қосылған су адам ағзасына төмендегі жағымды әсерлерді береді.

#1 Иммунитетті жақсартады
Табиғи, химиялық қоспасыз, таза ара балын қолдану адамның иммундық жүйесін арттырады. Денеде сұйықтық жеткіліксіз болған кезде иммундық жүйе оңай нашарлайды. Онда ара балы бұл мәселені шешудің ең жақсы тәсілі.

#2 Жөтел және тамақ ауруын азайтады
Бал кеуде ауырсыну және мезгілдік аллергия, тұмау сияқты ауруларға шипа бола алады.

#3 Вирусқа қарсы күресе алады
Жаңа Зеландия Университетінің бал зерттеушілері, бал әр түрлі бактериялар мен вирустарға қарсы ең жақсы өнім деген қортындыға келген.

©Pixabay

Және де ара балын кішкентай жаралар мен күйіктерге жағу емдеуді тездетеді. Жалпы, бал – адам терісіне өте пайдалы. Ол тыртықтар да емдей алады.

#4 Ас қорыту жүйесі үшін өте пайдалы
Ара балы денедегі токсиндерді шығарумен қатар ас қорыту жүйесіне оң әсер етеді. Ол сондай-ақ асқазан жарасы сияқты әр түрлі асқазан-ішек жолдарының ауруларынан қорғайды.

#5 Артық салмақ тастауға көмектеседі
Жылы суға ара балы және бірнеше тамшы лимон шырынын қосып ішу салмақ тастаудың тамаша әдістерінің бірі. Сондай-ақ сіз салмақ ұстап жүрген кезіңізде тәтті тағам пайдаланғыңыз келсе, ара балын таңдаңыз. Оны тек суға ғана қосып ішу үшін емес, тамақтармен де бірге қолдануға болады.

#6 Спортпен шұғылданатын адамдарға өте пайдалы
Себебі бұл дене қуатын арттырады. Ерте замандарда олимпиадаға қатысқан спортшылар өздерін қуаттандыру үшін ара балын жейтін. Сондай ақ заманауи зерттеулер бойынша да балдың күшті тез толтыратындығын дәлелдейді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!