ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Ұшықты осылай 1 күнде кетіруге болады. ҮЙРЕНІП АЛЫҢЫЗ

Герпес – ең көп таралған аурулардың бірі. Оның жеңіл түрі де ыңғайсыз болуы мүмкін. Ерінге немесе еріннің айналасындағы ұшық жағымсыз және өте ұсқынсыз көрінеді. Бүгін біз сіздерге 1 күнде герпесті емдеудің халықтық әдістерінің 6 түрін ұсынамыз. Герпеске қарсы халықтық емдеуге арналған рецепттер:

1. Сүт: Мақтаны сүтке батырып, зақымдалған жерге жағыңыз. Сүт кепкенше тамақ жемеңіз және жууға болмайды. Әр 2-3 сағат сайын осылай қайталаңыз.

2. Сутегі асқын тотығы: Егер ерініңізге ұшық пайда болса, сутегі асқын тотығымен сүртіңіз. Егер сіз оны 2-3 сағат сайын пероксидпен тазалап отырсаңыз, бұл жағымсыз ұшықтан тез арада арыла аласыз.

3. Сарымсақ: Сарымсақ герпес в и р у с ы н жұқтырған кезде өте пайдалы. Сарымсақ түйірін ұнтақтаңыз да, зақымдалған жерге жағыңыз. Бұл үйде жүзеге асырылатын қарапайым және ең тиімді әдіс.

4. Жалбыз жапырағының эфир майы: Сарымсақтан айырмашылығы, жалбыз жапырағының эфир майы жағымды хош иіске ие. Сондықтан сіз адамдар көп жиналатын жерлерде жүрген кезде бұл майды қолданғаныңыз жөн. Қолдану әдісі: күніне 3 рет ұшық шыққан аймаққа жағыңыз.

5. Алоэ вера: Алоэ вера шырыны герпес ауруы кезінде де пайдалы. Алое вера шырынын зардап шеккен аймаққа әр 2 сағат сайын жағыңыз. Немесе жаңа кесілген жапырақты екіге бөліп, ұшық шыққан жерге қоюға болады.

6. Мұз: Бұл өте қарапайым әдіс. Мұз герпестің алғашқы белгілерінде көмектеседі. Ұшық шыға бастағаннан кезде, оған мұз қойыңыз. Мұз герпесті жояды және аурудың дамуын бәсеңдетеді. Осылайша, ағза инфекциямен күреседі.

Осы әдістерді қолдану арқылы сіз қайтадан ұшық жайлы алаңдамайтын боласыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!