БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Сіз тек табиғи маскаларды ғана қолдану арқылы өзіңізге күтім жасай аласыз. Дүкеннен қымбат маска сатып алудың қажеті жоқ

Дүкеннен әр түрлі маскалар таңдап шаршап кеттіңіз бе? Олай болса, ежелден аналарымыз пайдаланып келген мына маскаларды сынап көріңіз. Табиғи өнімдерден жасалынған маскалардың теріге тигізер пайдасы әлдеқайда артық. Әрі еш кері әсері жоқ.

Картоп

Бұл маска терісі сезімтал адамдарға арналады. Алдымен шикі үлкен бір дана картопты үккіштен өткізіңіз. Оған жұмыртқаның сарысын қосып, жақсылап араластырыңыз. Дайын болған қоспаны бет пен мойыныңызға жағып, 15-20 минутқа қалдырыңыз. Соңында масканы қою жылы шаймен жуыңыз.

Қияр

Бұл маска терісі әжімделген адамдарға арналады. Масканы дайындау үшін бір дана жаңа қиярдың жартысын турап, үккіштен өткізіп, сөлін сығып алыңыз. Алынған сөлді бір шай қасық қаймақпен және бір шай қасық жұмыртқаның ағымен араластырыңыз. Қоспаны көпіргенше жақсылап араластыру қажет. Дайын болған соң масканың қалың қабатын бетіңізге жағыңыз. 20 минуттан кейін, оны жылы суға малынған мақтамен сүртіп, кейін жуыңыз.

Қызанақ

Бұл маска құрғақ теріге өте пайдалы. Үккіштен өткізілген бір дана қызанаққа аздаған крахмал қосып, жақсылап араластырыңыз. Кейін оның үстіне зәйтүн майының бірнеше тамшысын қосып, тағы да араластырыңыз. Дайын болған масканы таза бетке жағып, 15 минутқа қалдырыңыз. Соңында жылы сумен жуыңыз.  

Асқабақ

Ұсақ үккіштен өткізілген асқабақтың бір ас қасығын алып, оған жарты шай қасық зәйтүн майын және кілегей қосып, араластырыңыз. Қоспаны бет пен мойынға жағып, 15-20 минутқа қалдырыңыз. Содан кейін бетіңізді жылы сумен жуыңыз. Бұл маска бет терісі қалыпты адамдарға арналады.

Қауын

Бұл сезімтал терілерге арналған маска. Екі ас қасық қауынды жақсылап ұнтақтаңыз. Кейін оған бір ас қасық қаймақ және жарты шай қасық зәйтүн майын қосып, араластырыңыз. Дайын болған қоспаны бет пен мойынға қалың етіп жағыңыз. 15-20 минут ұстау керек. Содан кейін жылы сумен жуыңыз.

Қарбыз

Екі ас қасық қарбызды, бір шай қасық жұмыртқаның ағына қосып, араластырыңыз. Қою соқта болуы керек. Дайын болғаннан кейін оны бетіңізге жағып, 15 минутқа қалдырыңыз. Кейін бетіңізді салқын сумен шайыңыз. Бұл құрғақ және әжім түскен теріге пайдалы.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!