ОҚИҒАЛАР

КЕДЕРГІ

Ертеде бір патша болыпты. Бірде патша сарайға кіретін жолға үлкен бір тас қойып, не боларын терезеден бақылап отырады.

Таңертеңнен кешке дейін сарайға патшалықтың ең бай кәсіпкерлері, саяхатшылары және сарайлықтар өтіп жатты. Олардың барлығы сол тасты айналып сарайға кіріп жатты. Көпшілік патшаны сынға алып жатты. Халықтан жиналған ақшалармен жолдарды жөндеуге болмады ма? деп.

Ақыры соңында, сол жолда ауылдан шыққан фермер келе жатады. Сарайға жемістер мен көкөністер әкеле жатыпты. Арқалап алған жүгін жерге қойып, жолда тұрған үлкен тасты итере бастады. Ақырында ол қатты шаршап, терлейді. Бірақ үлкен ауыр тасты жолдан шығарып тастайды. Фермер жігіт жемістер мен көкөністерін алып қозғалғай жатса, оның жолдан шығарған үлкен тастың орынынан кішкентай бір шұңқыр көреді. Таяап қараса бір хатпен бір қорап толы алтын бар екен… Ол хатты оқып көрсе патша жазған хат екен. Хатта: «Кім бұл үлкен тасты жолдан шығарса, ол осы алтындарға ие болады.» делінген екен.

Фермер бұл оқиғадан кейін өте үлкен сабақ алады. «Кез-келген кедергі сенің өміріңді жақсартуға мүмкіндік береді.»

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!