ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Жаңа ата-аналарға арналған 11 кеңес

#1. Жаңа сылдырмақ ойыншық сатып алып, балаңыздың артында және қасында сылдырлатып, оның қызығушылығын қозғауға үйретіңіз.

#2. Бөлмелердің жан жағынан балаңызға дауыстап сөйлеп, оның іс қимылдарын қадағалаңыз.

#3. Нәресте құрсақтағы кезінде кейбір дыбыстарды есіне сақтап алады. Сондықтан бұл дыбыстардың қайдан шыққанын білдіріп, жүкті кезіңізде естіген таспаларды қайтадан тыңдаңыз. Таныс музыка жылаған баланы оңай тыныштандырады.

©PixaHive.com

#4. Жаңа және қызықты дыбыстарды тыңдатыңыз. Осындай дыбыстармен айналасын толтырыңыз.

#5. Үнемі ән айтып, ертек айтып беріп, жаңа музыка тыңдатыңыз.

#6. Сіз жаңа туған нәрестенің тез өсуіне және өзіндік құқықты болып жетілуіне көмектесуіңіз керек.

#7. Балаңыздың айналасына геометриялық жағынан дұрыс және түрлі-түсті (қара, ақ, қызыл, сары) заттарды қоюуға тырысыңыз. Бұл сәбилердің визуалын дамытуға көмектеседі. Сәбилер көбінде қозғалмалы нәрселерге қызығушылық танытады.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

#8. Ойыншықтарды ауыстыру жаңа әсер туғызады. Және баланың белсенді дамуына ықпал етеді.

#9. Айналасын мүмкіндігіңізше қызықты жаңа нәрселермен толтырыңыз.

#10. Ойыншығын аузызна салғаннан қорықпаңыз. Бұл заттарды танудың қалыпты тәсілі.

#11. Баланың осы ерекшелігін ескере отырып, оған таза және жұтуға болмайтын үлкен нәрселер беріңіз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!