ОҚИҒАЛАР

ЖҮРЕК ЖАРАСЫ

Ерлан 20 жасқа толды. Ол бәрін түсінетін жасқа жетседе, үнемі басқаларды ренжітіп, болмайтын нәрселер істеп жүреді. Бір күні әкесі оған:

-Сен біреуді ренжіткен сайын немесе дұрыс емес бірдеңе жасаған сайын бұл шегелерді қабырғаға қадап жүр дейді. Күн өткен сайын оның шегелері азайып, қабырға шегеге толады. Бірақ бір күні ол бірде-бір шеге қақпайды. Сосын ол әкесіне:

-Мен бүгін қабырғаға еш шеге қаққан жоқпын, мен жақсы адам болдым. Солай ма? дейді. Сол кезде әкесі:

-Жақсы, енді бұдан кейін басқаларды қуантып жақсылық жасаған сайын қабырғадағы шегелерді бір-бірден суырып жүр дейді.

Күндер өткен сайын қабырғадағы шегелер азая бастайды. Бір күні қабырғада бірде бір шеге қалмайды. Мұны көрген Ерлан әкесіне:

-Міне. Қабырғада бірде-бір шеге қалмады. Мен енді жақсы адам болдым дейді. Сонды әкесі оған:

-Ия, қабырғада бірде-бір шеге қалмапты. Бірақ шегелердің ізідері қалыпты дейді.

Бұдан Ерлан: «Егер мен жамандық жасап, кейін оны түзетіп жақсы адам болсам да, адамдардың жүрегінде жаман әрекеттерімнің ізі ЖАРА болып қалады екен.» дегенді түсініпті.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!