ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Сүйіктіңізге ешқашан айтуға болмайтын 5 сөз

Сөз сүйектен өтеді дейді. Әсіресе жақын адамдарыңнан естіген жаман сөздердің қаншалықты ауыр екенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Кімге не айтып тұрғаныңызға мұқиат болыңыз. Кейде адамдар басқасын қаншалықты ренжітіп алғанын білмей қалады. Ойын ретінде немесе байқаусыздан да кейбір сөздер шығып кетеді. Кейде тіпті айтқыңыз келмейтін нәрселерді де айтып оңай жолды таңдағыңыз келеді.

Дәл қандай сөздер сүйіктіңізге ауыр тиетінін төмендегі жазбадан оқып, егер бұрын айтқан болсаңыз оларды ендігіден кейін ешқашан қайталамаңыз. Егер сіз бұл сөздерді айтпаған болсаңыз әрдайым есте сақтап жүріңіз.

#1 Ажырасамын деп қорқыту

©Pixabay

Біздің кейбір әйелдер/қыздар: «Мен сенімен ажырасамын», – деген сөзді жиі қолданады. Өйткені олар жігіттерімен/күйеуімен ұсақ-түйек нәрселерге бола дауласқанда, өздерінің қалағанын істетгісі келгенде немесе өзінің маңызды адам екенін сезінгісі келгенде осылай жасайды. Бір сөзбен айтқанда қорқытады. «Мені онысызда жақсы көреді. Сондықтан ажыраспайды. Осылайша қалағанымды істетіп алайын.» деп ойлайды.

Егер сіз бұл сөзді қолдана берсеңіз, бір күні сүйіктіңіз сізден бұрын өзі кетіп қалуы мүмкін. Олай болмады дегеннің өзінде сіздің сүйіспеншілігіңізге күмәндана бастайсыз. «Кішкентай ғана проблеманың салдарынан ажырасқысы келсе, болашақта көптеген үлкен-кіші мәселелерді бірге шеше аламыз ба?» деген сиақты махаббатын сөндіретін көптеген ойлар туады дегенді ұмытпаңыз.

#2 Ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсіту

©Pixabay

Достарыңызбен бірге жүрген кезде бір-біріңізбен әзілдесіп немесе ойланбастан сөйлесуге қолданылатын «ақымақ», «хайуан», «нақұрыс» сияқты қорлайтын сөздер өте көп. Бірақ, әрине, ондай сөздерді бәрі бірдей қолдана бермейді. Достардың арасында бұл әдейі болсын, білместікпен болсын әзіл-қалжың сөздер болып өте шығады. Бірақ кез-келген уақытта сүйіктісіне осындай сөздерді айтқан кезде оның саған деген құрметі жойылады. Сен де оны сыйламайсың деген сөз.

#3 Оның отбасы туралы дөрекі сөздер айту

©Pixabay

Оның отбасы қазір сіздің де отбасыңыз. Олар сізге ұнамауы мүмкін. Алайда, олар ды сүйіктіңізге жамандамаңыз. Бұл ерлі-зайыптылар үшін ең даулы тақырып. Кейде сізге ыңғайсыз сезім тудыруы мүмкін, бірақ ол сіздің жақын адамыңыз екенін ұмытпаңыз.

#4 Ешқашан немесе Үнемі

©Pixabay

Әрине, оның кейбір істері ұнамауы мүмкін.Үүйде кешкі ас ішкен соң жинауға көмектеспейтін, сізбен бірге көп уақыт өткізбейтін сиақты кейбір жаман әдеттері болады. Сонда да оған «Сен ешқашан немесе үнемі» деген сөздерді еш айтпаңыз. Бұл оның өзіне деген сенімін жоғалтып, сіз үшін жасаған барлық нәрсені жоққа шығарып жатқан сияқты көрінеді.

#5 Сен бұны жасай алмайсың

Еркек адам дәл бала сияқты болады. Кішкене ғана мақтағанда қуанып қалады. Кішкене ғана сынға алғанда, дереу ренжіп көңіл күйден түсіп кетеді. Сондықтан ол жасай ала ма, жоқ па, істеп жатқан нәрсенсін жасай алмайды екенсің деп айтпаңыз. Керісінше, соңын дейін көруге шабыттандырыңыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!