ОҚИҒАЛАР

Періште

Жер шарына бару үшін кезекте тұрған балалардың бірі Құдайдан сұрайды.

-Мені қазір жерге жібересің. Бірақ мен осыншалықты кішкентай және дәрменсізбін. Ол жақта қалай өмір сүремін? дейді… сонда Құдай:

-Сен оған алаңдама. Мен періштелердің ішінен бірін сенікі етіп таңдадым. Ол сені сол жерден күтіп алады, және әр күн сайын әдемі ән шырқап береді. Осылайша сен оның сүйіспеншілігін сезінесің. Және де бақытты өмірді сол жерде өткізесің.

-Ал, адамдар маған бірдеңе десе, мен олардың тілін білмеймін ғой. Оны қалай түсінемін?

-Сенің періштең саған қалай тыңдауды және сөйлеуді үйретеді.

-Бірақ маған жер шарында жаман адамдар өте көп деген. Сонда мені кім қорғайды?

-Сенің періштең сен үшін өзін өмірін қиюға және сені әлемдегі барлық зұлымдықтардан құтқаруға дайын. Сол сәтте барлығы жым-жырт болды. Баланың кететін кезегі де келді. Кететін уақытты болғанын түсінген бала соңғы сұрағын қойды:

-Мен қазір кетемін. Менің періштемнің аты кім?

-Оның аты саған маңызды емес. Бірақ сен оны «АНА» деп шақыра аласың.

«Ата-анаңыз бақытты болсын.
Сізді дүниеге әкелген сол бір әйел бақытты болсын.»

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!