БІЛІМ

Аяқты айқастырып отырудың қауіпі қандай? БІЛІП ЖҮРІҢІЗ

Біз отырғанда өзіміз де білмей аяғымызды айқастырып отырамыз. Осылай отырған әйел неғұрлым тартымды және сымбатты көрінеді. Өкінішке орай, аяқты айқастырып отырудың кері әсерін бәрі біле бермейді.

Барлығына қарапайым болып көрінетін осы отырыс туралы толық ақпарат беру арқылы сізді денсаулығыңызға қамқорлық жасауға шақырамыз. Ендеше аяқты айқастырып отырған кезде денеге қандай өзгерістер пайда болатынын бірге білейік.

Егер сіз осылай ұзақ отырсаңыз, перифериялық органдардың а н е с т е з и я с ы н сезесіз. Аяғыңызды айқастырып отыру зиянды – әсіресе ұзақ уақыт осылай отырмаңыз.

Көптеген адамдар қатысқан зерттеу бойынша аяқты айқастырып отыру қ а н қысымын көтеретіндігін көрсеткен. Егер сізде бұрын-соңды қ а н қысымы көтерілмеген болса да, аяғыңызды айқастырып отырмаңыз. Осылай қ а н айналымын қалыпты деңгейде ұстап, жоғары қ а н қысымын болдырмауға болады.

Қ а н қысымының көтерілу себебі, аяғыңызды аяққа тірегенде қ а н тамырлары бітеліп, жүрекке көп мөлшерде қ а н құйылады, соның салдарынан қ а н қысымы өзгереді. Сондай-ақ, аяқ бұлшықеттерінің дұрыс емес орналасуы да әсер етеді.

Аяқты айқастырып отыру а т е р о с к л е р о з ды тудырады. Тамыр қабырғасында қ а н ағынын реттейтін клапан бар. Аяғыңызды айқастырып отырған кезде тамырларыңыздағы қысым күшейіп, қ а н айналымыңыз жұмыс істемей қалады. Нәтижесінде қ а н тамырлары қалыңдап, аяқтары ұйып кетеді.

Зерттеулер көрсеткендей, күніне үш сағат аяқты айқастырып отырған кезде адам шаршап, бел мен мойын аймағы ауырады. Сондай-ақ, б ө к с е л е р д і ң айналасында жағымсыз сезім пайда болады.

Аяқты айқастырып отыру қаншалықты з и я н екенін білгеннен кейін, бұдан әрі не істеу керектігін өзіңіз шешесіз. Егер сіз өзіңіздің жаман әдеттеріңізден арыла алсаңыз, сіз өз денсаулығыңызға қамқорлық жасайсыз. Сондықтан келесі жолы аяғыңызды айқастырып отырған кезде, осы мақаланы есіңізге алыңыз және аяғыңызды төмен түсіріңіз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!