ОҚИҒАЛАР

ДЕРЕУ РЕНЖІП ҚАЛАТЫН АДАМДАРДЫҢ МАХАББАТЫ ШЫНАЙЫ БОЛАДЫ

Кезінде Махаббат, Мұң, Сараң, Білім, Бақыт, Тәкаппар сияқты барлық адамның сезімдері бір аралда өмір сүріпті. Алайда аралдың батып бара жатқаны хабарланып, барлығы аралдан кетуге мәжбүр болып, қайық дайындай бастайды.

Махаббат үнемі барлығынан қалып жүретін болғандықтан, не болса да ешнәрсеге қарамастан соңғы минутты күтуге бел буады. Соңында арал суға батқан кезде, Махаббат көмек сұрауға шешім қабылдайды. Сараң үлкен қайыққа отырып алып, кеткелі жатқан кезде, Махаббат: «Мені өзіңмен бірге алып кетші» – деп сұранғанда Сараң: «Жоқ, саған орын жоқ, өйткені қайығымда тым көп алтын мен күміс бар», – деді.

Махаббат әдемі қайықта отырған Тәкаппардан көмек сұрағанда, ол: «Мен саған көмектеспеймін. Сен менің қайығымды ластайсың» дейді. Жанындағы Мұңға Махаббат: «Мен сенімен бірге кетейін», – дегенде, ол: «О, Махаббат, мен қатты мұңлымын, менің жалғыз болғым келіп тұр», – деп жауап берді. Бақыт оның жанынан өтсе де, ол қатты бақытты болғандықтан, Махаббат оны қанша шақырса да естімеді. Кенеттен Махаббат біреудің оны шақырып жатқанын естиді.

«Махаббат, кел, мен сені алып кетейін». Бір қария шақырған екен. Ал, Махаббат өзін бақытты санап, қуаныштан есімін сұрауды ұмытып кетті. Олар жаңа жерге келгенде, өз жолдарымен кетеді.

Қарияға қарыздар сезінген Махаббат Білімнен «Маған кім көмектесті?» деп сұрайды. Сонда ол «Уақыт» – деп жауап береді. «Уақыт? Ол не үшін маған көмектесті?» деп сұрайды. Білім күлімсіреп «Өйткені Махаббаттың қаншалықты маңызды екенін тек уақыт ғана түсінеді» деп жауап береді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!