ЖАҢАЛЫҚТАРПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Қан тобы арқылы адамның мінезін анықтау

Адамның қанын ең алғаш 1900 жылы Австриялық ғалым Карл Ландштейнер төрт топқа бөлген. Осылай қан тобына бөлу, кез-келген науқасқа жедел жәрдем көрсетуге көптеген пайдасын тиігізеді. Сондай-ақ, қан тобы адамның денсаулығына және жеке мінез-құлқына әсер ететіндігі дәлелденген.

1-ші қан тобы:
Ғалымдардың айтуы бойынша 1-ші қан тобы ең ежелгі және де барлық адамның 44%-ы осы топта екен. Олардың көшбасшылық қабілеті дамыған: өзіне сенімді, басқаларға тәуелді емес, батыл қадамдар жасай алатын, күшті, үкен мақсаты бар және де еш түсіп бермейді.

Бірақ олар халықтың сүйіспеншілігіне бөленген адамдар емес. Тәуелсіздік пен бостандықты ұнатады. Олар өте еңбекқор және жауапкершілікті. Сондықтан сіз кез-келген жағдайда оларға сене аласыз. Өз күштеріне сену арқылы көп нәрселерге қол жеткізеді. Олардың ұраны – «Ешқашан берілме». Және 1-ші қан тобының адамдары өте эмоционалды болады.

Еш сынды ұнатпайды. Мұндай адамдармен әзіл-қалжыңдасқанда өте мұқият болу керек. Олар қандай да бір жаңа нәрсеге бейімделуге өте нашар. Оларды біреу алдаса қатты ашуланады, және тым оңай кешіре де алмайды.

2-ші қан тобы:
Олар ашық жарқын, іскер, және өте ақылды. Басқалардың пікірін жақсы тыңдайды. Кішкентай нәрселерге көңіл бөлетіндігі олардың мансабына оң әсер етеді. Сіз оларға толықтай сенуіңізге болады. Себебі 2-ші қан тобының адамдары айналасындағы адамдарды ренжітуді ұнатпайды. Қандай да бір тапсырма берілсе, оны жақсы орындауға 100% тырысады. Олар ең сенімді достар.

Достарын тыңдап, көмек беріп, қажет болған кезде кеңес те бере алады. Береке бірлікті, тәртіпті және тыныштықты ұнатады. Адамдармен қарым-қатынас жасаған кезде қақтығыстардан аулақ болады. Жұмысқа шебер, барлық адамдармен тіл табыса алады. Және өте мейірімді де романтикалы адамдар.

Бастаған ісін міндетті түрде аяқтайды. Осы қан тобының адамдары тапсырылған жұмысты орындау үшін тыным таппай, түнде ұйқысыз жұмыс істей алады. Сондықтан денсаулықтарына зиян келетін қауп бар. Олар депрессияға оңай түседі. Өте сезімтал жандар.

3-ші қан тобы:
Бұл қан тобының адамдары шығармашыл, талантты, икемді және кез-келген қоғамға ене алады. Сонымен қатар, олар адал адамдар. Олар ақылды, сабырлы, адамдармен тіл табыса алатын және сөйлескенді жақсы көретін адамдар. Біреудің пікірін тыңдап қажетті кеңесті береді. Ғашық болған кезде шын жүректен ғашық болады.

Кез-келген салада өз шеберліктерін көрсете алады. Біртұтас болғанды​ұнатады. Өте нәзік. Басқалардың алдында сәтсіздікке ұшырағанды​ұнатпайды.

4-ші қан тобы:
Бұл қан тобының адамдары хамелеондар сияқты жан-жақты. Жаңа жағдайларға оңай бейімделеді. Олар басқа қан тобының адамдарына қарағанда әлдеқайда мейірімді. Реалистер. Кеңес беруге шебер. Олардың ұраны «Әр нәрсенің жақсы жағы бар». Басқа адамдар да оларды жақсы көреді.

Олар аса құрметке ие және адамдар олардың айтқанын тыңдайды. 4-ші қан тобының адамдары көптеген мәселелердің себебін оңай таба алады. Өзгелерге қуаныш сыйлауды ұнататындар осы топта.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!