ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Егер сіз балаңызды сары маймен уқаласаңыз, балаңыз ЕШҚАШАН ауырмайды

Баланы жуындырғаннан кейін оның табанына және алақанына массаж жасайсыз. Денесіне өте тез сіңеді. Сондықтан да денесіне ешқандай иіс сіңбейді. Және де таңертең таңғы асына күріш, сүт, каша сияқты тағамдарға аз мөлшерде қосып беріңіз. Іш қатырмайды.

Массаж жасағанда қан айналымын жақсартып және иммундық жүйесін жоғарлатады. Осылайша тымаудың алдын-алуға болады. Аздап жөтелі бар болса, кеудеге және арқаға аз мөлшерде сары май жағып, уқалаңыз.

Сиыр табиғаттың 40-тан астам дәрілі өсімдік түрлерін жейді. Сиыр сүтін пісіріп қаймақ шығарады. Қаймақтан сары май шығарып алады. Осылайша 300 литр сүттен 1 кг сары май алынады екен. Сондықтан сары майдың пайдасы өте көп.

Сиыр сүтінен алынған органикалық май табиғи антиоксиданттарға, омега 3, 9 және А, Д, Е және К дәрумендеріне бай болғандықтан қатерлі ісік ауруларының алдын алуға маңызы зор. Міне, сары майдың адам ағзасына әсер ететін таңғажайып әсерлері туралы.

©Pixabay

Иммундық жүйені жақсартады
Соңғы зерттеулер сары май құрамындағы антиоксиданттар иммундық жүйені жақсартатынын дәлелдеген.

Арықтауға көмектеседі
Сары майдың құрамындағы «линол» қышқылы метаболизмді жылдамдатып салмақ жоғалтуға, әсіресе іш майын тез кетіруіге ықпал етеді. Сіз күн сайын сары майды нанға жағып, сүтті шайға араластырып қолдануыңызға болады.

Ас қорыту жүйесін жақсартады
Асқорыту жүйесін қалыпқа келтіріп оны жақсартады. Және де асқазан секрециясын ынталандырады. «Бутир» қышқылы сары майда мол мөлшерде бар. Ол асқазанды емдейді және ас қорытуды жақсартады. Асқазандағы бактерияларды жойып сіздің денсаулығыңызды сақтайды.

САРЫ МАЙДЫҢ БАСҚАДА ПАЙДАЛАРЫ:
-Жүрек ауруының қаупін азайтады.
-Холестеролды төмендетеді.
-Теріні тазартады.
-Оңай босануға көмектеседі.
-Көздің көру қабілетін жақсартады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!