ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Менің әпкем электр плитасына үнемі дымқыл сүлгі қояды. Оның себебін білген соң, сіз де солай жасатын боласыз

Әйелдің үй шаруасына қаншалықты жақсы екенін білу өте оңай. Ас үйдің, әсіресе электр плитасының қаншалықты таза екендігін байқау жеткілікті. Оның қаншалықты еңбек ететінін осылай білуге болады. Ал, сіз ше? Егер сізге электр плитасындағы дақтарды тазалау қиын сезіліп жүрсе, оны тазартудың бірнеше қарапайым әдісін ұсынамыз.

Сірке суы
Электр плитасына аздап сірке суын тамызыңыз да, 20 минутқа қалдырыңыз. Содан кейін пролон қолданып, пештің үстін тазалаңыз. Кішкене ғана ысқылаған соң барлық дақтар кетіп, электр плитасы таза болып шығады.

Орамал
Пештің үстіне ас содасын себіңіз де, үстіне көбікті суға малынған дымқыл орамал қойыңыз. 20-30 минуттан кейін орамалды алып, ысқылаңыз. Осылайша сіздің электр пешіңіз жаңа болып көрінеді.

Өсімдік майы
Егер электр плитаңыз тамақ пісіргеннен кейін ластанып кетсе, салфеткаға өсімдік майын сіңіріп, сүртіп көріңіз. Күтпеген нәтижені байқайсыз.

Ас содасы мен сутегі асқын тотығы
2 шай қасық сода мен 2 шай қасық сутегі асқын тотығын араластырыңыз. Оны пролонға сіңіріп, электр плитасын сүртіңіз. Барлық дақтар із-түзсіз жоғалады.

Лимон шырыны
Лимон шырынын тұзбен араластырып, электр плитасына себіңіз. Оны пролонмен жуу жеткілікті.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!