ОҚИҒАЛАР

Су және Гүл

Бір күні су мен гүл кездесіп, дос болыпты. Бастапқыда жақсы достар сияқты болып жүреді. Әрине, бір-бірін танып білуге уақыт керек. Уақыт өте келе гүл өзін өте бақытты сезінеді. Бақытқа кенелген гүл, суды жақсы көретінін түсінеді. Алғашқы махаббатына кездескен гүл хош иісін кез-келген жерге таратады. «Бұл әдемі иісті саған ғана арнаймын.» дейді. Біраз уақыттан кейін су да гүлге ғашық болғанын түсінеді. Оның гүлге деген махаббаты да алғашқы махаббат болады. Күндер өте келе, гүл «Су мені жақсы көре ме?» деп ойлай бастайды. Себебі су гүлге көп күтім жасамайды. Бірақ гүл оған үйренбеген еді.

Кейін бір күні гүл суға: «Мен сені сүйемін» дегенде, су «Мен де сені жақсы көремін дейді… Уақыт өте келе… Гүл қайтадан: «Мен сені жақсы көремін» дейді. Су, «Мен де.» дейді…
Гүл шыдамдылықпен көп уақыт төзеді. Бірақ оның жұпар иісі өшіп, өзінің соңғы иісін су үшін шашып жақсы көретінін тағы да айтады. Сонда су: «Менде сені жақсы көретінімді айттым ғой» деді.


Гүл одан сайын депрессияға ұшырайды. Байғұс қатты ауырады. Солып ұшы сарғайа бастады. Су сүйіктісінің басына сүйеп, оның қасына отыратын еді. Гүлдің өлуіне өте аз уақыт қалды. Бірақ соңғы рет басын көтеріп бар күшімен суға тағыда: «Мен сені шын жүрегіммен жақсы көремін» деді. Амалы қалмаған су соңында дәрігер шақырады. Дәрігер гүлді қарап алғанан кейін, «Оның тірі қалатын мүмкіндігі жоқ. Мен оған қазір ештеңе істей алмаймын» дейді.
Су дәрігерден сүйіктісінің қандай аурумен ауырғанын сұрады.
Сонда дәрігер, «Оның еш ауруы жоқ. Ол мүлдем суарылмаған» дейді.
Сонда су «Мен сені сүйемін» деп қана айту арқылы сүйіспеншілігін білдіре алмайтынын түсінеді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!