БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Бұл тағамдарды тоңазытқышта сақтамаңыз! БІЛІП АЛЫҢЫЗ

Әрине, адамдарға ең пайдалы технологиялардың бір – тоңазытқыш. Бірақ тоңазытқышта сақтауға болмайтын да тағамдар бар. Ендеше бұл жолы біз сіздерге тоңазытқышта сақтауға болмайтын тағамдар ұсынамыз.

Қатты көкөністер
Картоп, сәбіз және пияз сияқты көкөністерді тоңазытқышта сақтаса, олар тез бұзылады. Оның орнына оларды пластик жәшікте, пакеттерде сақтау керек.

Консервілер және қақталған тағамдар
Бұл тағамдар тоңазытқышта артық орынды алады. Бұларды құрғақ, қараңғы, салқын жерде сақтауға болады.

Бал
Бар пайдалы қасиеттерін суықта жоғалтып алады.

Тропикалық жемістер
Суық температурада улы заттар бөлініп, жылдам шіри бастайды. Цитрус жемістерін сөрелерге қойған жөн.

Асқабақ пен қауын
Бұл көкөністер де тоңазытқышта көп тұрғаннан болып тез бұзылады.

Анар және құрма
Бұл жемістер де суыққа төзімсіз. Оларды қағазға орап, бөлме темпаратурасында құрғақ жерде сақтау керек.

Зәйтүн майы
Зәйтүн майын да тоңазытқышта сақтамаған жөн. Суық температураларда бұл дәмін және өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтады.

Шоколад пен кәмпиттер
Төменгі температураларда конденсат бөлінеді. Олар кеуіп, шоколадтың бетінде қанттың кішкентай кристаллдары қалады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!