ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Нанды піскеннен кейін осылай сақтаңыз

Біз әдетте нанды тоңазытқышта сақтағанды жөн көреміз, әсіресе, жазда тоңазытқышсыз күніміз жоқтай сезіледі. Адамдардың көбі нан дымқылдық жоқтықтан құрғап кетеді деп ойлайды. Бұл ойдың жетегімен тоңазытқышқа салып қою дұрыс шешім деп ойлайды.

Бірақ, кейде нан дымқыл ортада бұзылып кетіп жатады. Әсіресе, 0-ден төмен температурада тез құрғайды. Яғни, тоңазытқышқа сену арқылы осы үдерісті одан әрмен тездетіп жібереді. Нан құрамындағы крахмалдан дымқылдылық кеткенде, бойындағы молекулалар өзгеріске түседі. Нәтижесінде қатайып, алғашқы қалпын жоғалтады.

Нанды сақтаудағы басқа да қателіктерді атап өтсек:

  1. Полиэтилен қапшықтарда сақтауға
  2. Жылыту жүйлеріне жақын жерде сақтауға
  3. Күн сәулесі жақсы түсетін жерлерде сақтауға болмайды.

Сондай-ақ, қара нан мен ақ нанды ешқашан бірге сақтаушы болмаңыз. Олай болған жағдайда, тез көгеріп кетеді.

Нанның жақсы сақталуы үшін қалтаға тазаланған картоп тіліндісін, кесілген алманы, аздаған тұзды немесе қант түйірін салып қойған жөн. Әрине, уақытысында ауыстырып тұруды ұмытпау керек. Нанда жағымсыз иістер пайда бола бастаса, лимон қабығына жүгініңіз.

Наныңыз бастапқы қалпында ұзақ сақталсын десеңіз, бөлкені басынан емес, ортасынан кесіңіз, сондан кейін керегіңізше ортасынан бастап кесіп алған дұрыс. Болғаннан кейін екі бөлікті бір-біріне беттестіріңіз. Зығырдан немесе кенептен жасалған сүлгілерге орап қойсаңыз, құрғақтықтың алдын алуға мүмкіндігіңіз бар. Нанды металл ыдысқа емес, ағаш ыдысқа салып жеу нанның ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ете алады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!