БІЛІМЖАҢАЛЫҚТАР

Ғалымдар құшақтасудың пайдалы екендігін айтады

Зерттеу бойынша құшақтасу бізге психологиялық тұрғыда көмектеседі. Атақты Луиза Хейдің айтуы бойынша ұзақ өмір сүру үшін күніне 4 рет, ал тіршілік әрекетін қалыпты ұстау үшін 8 рет құшақтасуымыз қажет дейді.

20-ншы ғасырда зерттеушілер э н д о р ф и н деп аталатын қ а н тамырлар және жүйке жүйесінде табылған химиялық препараттарды зерттей бастаған. Олардың саны біз құшақтасқанда көбейеді екен. Егер баланы аз құшақтасаңыз, оның миының бір бөлігі ж а н с ы з д а н ы п қалады да, иммунды жүйесі з а қ ы м д а н а д ы екен.

Жеті жасқа дейін құшақсыз өскен балалар өзгелерді сүюге қабілетсіз болып қалыптасады. Олардың көбісі е с а л а ң, с о ц и о п а т, яғни қоғаммен қарым-қатынасы жаман, әрі қоғамға қ а р с ы әрекеттерге бейім адамдар.

Құшақтасудың физиологиялық тұрғыда пайдалары:

  • Иммундық жүйені жақсартады
  • Орталық жүйке жүйесіне дем береді
  • Ұйқыны жақсартады
  • Күш береді
  • Жасартады
  • Күйзелістен арылтады
  • Д е п р е с с и я дан құтылуға көмек беретін гормон санын көбейтеді
  • Қ а н қысымын төмендетеді, яғни жүрек а у р у қ а т е р і н азайтады
  • Өзін-өзі бағалауға жақсы әсер
  • Жалғыздықтан арылтады.

Нейропсихолог Джеймс Вильям Прискот ата-анасы қолына алып, көтермеген, қамқорлық көрмеген балалар өскенде адам ө л т і р у ш і болуы әбден мүмкін дейді. Бұл зерттеулерге қарағанда өзімізді де, жан-жағымыздағы адамдарды да ойлап, нәтиже шығаруымыз керек.

Жиі құшақтасатын қоғамның адамдары позитивті өмір салтын ұстанады. Олар маңызды-маңызды емес мерекелердің бәрінде дерлік туған-туыстарына қонақтап барып, құшақтасып, қал-жағдай сұрасып, тойлап, көңіл көтеріп қайтады. Шетел фильмдерін көргенімізде кейіпкерлер бір-бірімен жиі құшақтасады, ұнатса да, ұнатпаса да жымиып қарап, сөйлесетінін өзіңізде байқаған шығарсыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!