ОҚИҒАЛАР

Баласын өлімнен құтқарған дәрігерге ең жаман сөздерді айтқан әкесі қатты таң қалды

Бұл оқиғаны білетіндер өте аз. Жақында ғана ғаламторға таралып, көптеген адамдарға жеткен оқиға. Шағын ғана қалашықта ауыр жол апаты болыпты. Жол апатына ұшырағанан болып бір бала өлім аузында қалады. Баланың әкесі жүргізушілерден оны ауруханаға жылдам жеткізуін сұранады. Сәтіне орай бір жүргізуші оған көмектесіп оларды жергілікті ауруханаға алып барады. Баласын көтеріп алған әкесі ауруханаға келсе медбике ғана бар екен. Әкесі медбикеге:

-Дәрігерлерің қайда? Менің ұлыма жәрдем керек деп айқайлайды. Сонда медбике:

-Дәрігер қазір келеді, сіз сабыр сақтаңыз дейді. Бірақ әкесі тынышталмайды. Әкесі мен баласының ауруханаға келгеніне 10 минуттан асты. Көп ұзамай дәрігер ауруханаға келеді. Сонда баланың әкесі дәрігерге:

-Сен дәрігерсің бе? Мұнда адамдар өлім аузында жатыр. Деп ашуланады.

Дәрігер күлімсіреп:

-Кешіріңіз. Мен қолымнан келгеннің бәрін істеймін. Сіздің ұлыңыз құтқарылады. деп баланы операция бөлмесіне алып кетеді.

Ұзақ мерзімді операция сәтті болып, медбике операция бөлмесінен шығып, әкесіне жақсы жаңалықты айтады. Кейін баланың әкесі:

-Сіздердің дәрігерлеріңіз неге соншалықты тәкаппар? Әлде алаяқтардың бірі ма? деп сұрайды.

Медбике оған дірілдеген дауыспен:

-Біздің аурухананың ең үздік дәрігері. Оның ұлы жол апатынан қайтыс болды. Сіздің балаңызды құтқару үшін ол баласының жерлеу рәсімін тастап келді. Операция сәтті өтті. Ал дәрігер болса баласын жерлеуге кетті. дейді.

Әр нәрсенің өзіндік себебі бар болғандықтан өздерін бірінші орынға қоятындар кейде азда болсын ойлану керек.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!