ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Бұл әдісті аптасына екі рет қолдану арқылы ақ және қара нүктелерден толығымен арылуға болады

Ақ және қара нүктелер әлемдегі барлық адамдардың проблемасы. Сұлулықта адамның бет-бейнесі ең маңызды. Бет теріңіздегі ақ және қара нүктелерді кетіре алмай жүрсеңіз, осы әдістерді қолданып көріңіз. Аз уақытта қалаған нәтижеге қол жеткізетін боласыз.

Лимон + бал + қант

Лимонды тең ортасынан екіге бөліп, кесілген жерге бал жағыңыз. Содан кейін оған бір шымшым қант себіңіз. Соңында оны е м д е у д і қажет ететін жерлерге ақырын уқалап, жағыңыз. Осы әдісті аптасына бір рет қолданыңыз.

Вазелин + тамақ пакеттері

Бұл әдіс ыстық ваннадан кейін ең тиімді. Себебі ыстық су тері тесіктерін ашады.

  1. Е м д е у д і қажет ететін жерлерге вазелинді жағыңыз.
  2. Содан кейін тамақ пакетімен ораңыз.
  3. Пакеттің сыртын қайтадан жылы сүлгімен ораңыз.
  4. Кейін 10-15 минут күтіңіз.
  5. Соңында сүлгімен, пакетті алып бетіңізді жылы сумен жуыңыз.

Бұл әдісті аптасына екі рет қолданыңыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!