БІЛІМЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлдарға қарағанда қыздар суретке көп түседі. Себебі

Суретке түсуді барлық қыздар жақсы көреді. Бұл тек өзіне сенімді, әдемі қыздарға ғана қатысты емес. Мұның себебін олар әлемдегі ең сұлу ханшайым болғысы келетіндігімен байланыстыруға болады.

Олар өздеріне назар аудартқысы келеді. Қыздар неге суретке көп түседі? Бұл сұраққа бірнеше жауап табуға болады. Біріншіден, суретке түсу арқылы өзін жақсы таниды. Суретке неғұрлым көп түскен сайын өзіне деген сенімі артады. Сонымен қатар, қыздар суретіне қарап ненің жарасып-жараспайтынын анықтайды. Жүзіне қандай мимиканың сай келетінін де суретке түсу арқылы анықтайды.

Суретке ашық- ш а ш ы қ түсуді жақсы көретін қыздар. Олар өздеріне тым сенімді және мүсінімен мақтанатын қыздар. Өкінішке орай, ата-анасы дер кезінде бұлай киінуіне тосқауыл қоймағандықтан, бұл киімі өздеріне қалыпты көрінеді.

Суретке түсуге ұялатын қыздар. Комплексі бар қыздар суретке түсетін кезде бетін жауып, түсірмеші деп қашады.

Өзін тым қатты жақсы көретін қыздар. Әдетте бұл нәзік жандылар өз суреттерін жұмыс үстеліне қояды немесе әлеуметтік желідегі парақшасына көп салады.

Бүгін таңда қыздар 100% сұлу болу үшін барлығын жасайды. Спорт клубына, косметикалық салондарға барып, түрлі маскалар жасайды. Қуанышымызға орай, кәріс қыздары секілді о т а ғ а көп жүгіне бермейді.

Яғни, қыз баласы өзінің МЕН-ін айқындау үшін, бойындағы сенімділікті дамыту үшін, комплекстерінен арылу үшін және көп естелік қалдыру үшін суретке көп түседі екен.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!