ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Шашыңызды жібектей ететін сиқырлы қоспаны үйреніп алыңыз

Шашыңыз сау, жылтыр, жібектей болсын десеңіз, мына масканы дайындап, қолданыңыз.

  1. Алдымен бір шай қасық сірке суы мен бір шай қасық глицеринді қосып, араластырыңыз. Біркелкі болғанына дейін араластыра беріңіз.
  2. Кейін бұл қоспаға алдын ала араластырылған жұмыртқаны қосыңыз.
  3. Соңында 2 ас қасық үпілмәлік майын қосып, жақсылап араластырыңыз.

Дайын болған масканы шашыңыздың бойына жағыңыз. Арнайы полиэтиленді телпек киіп, басыңызды сүлгімен орап қойыңыз. Масканы 2 сағатқа қалдырыңыз. Уақыты өткен соң су сабынмен шашыңызды жуып, шайыңыз.

Бұл масканы аптасына екі рет қолданған жөн. Шараның мерзімі бір ай. Бұл циклден кейін оны екі аптада бір рет пайдаланып, шашқа күтім жасауға болады. Нәтижесінде шашыңыз жұмсақ, нәзік және жылтыр болады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!