ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Бақытты өмір сүруге арналған 14 кеңес

  1. Сүйікті әніңіз тыңдау. Бұл сіздің өміріңіздегі есіңізде қалатын маңызды оқиғаға байланысты болады. Бұл ғылыми зерттеулермен дәлелденген.
  2. Музыка сіздің шешімдеріңізге әсер етуі мүмкін. Мысалы, Гронинген университетінің зерттеушілері ырғақты музыка тыңдайтын жүргізушілер жылдамдықты арттыратынын анықтаған. Басқаша айтқанда, бұл музыка сізді сергітіп, қуантады. Ал қайғылы музыка сізді қайғылы етеді. Сіз қандай музыканы тыңдау керектігін өзіңіз шешесіз.
  3. Ақша жұмсау адамды бақытты болдырады. Бұл көптеген зерттеулер бойынша дәлелденген. Адамдардың барлығы тапқан ақшасын өзіне арнап жұмсау керек дейді. Бірақ біз отбасы, жақын адамдарымызды ұмытуға болмайды. Олармен де бөлісу қажет.
  4. Бақытты болу үшін ақша жұмсаған дұрыс болса да қажет емес заттарға ақша жұмсауға болмайды. Ақшаңыз тиімді нәрсеге жұмсалмаса, алған затыңыз ұнамаса қайдағы бақыт. Сондықтан көңіліңізден шыққан нәрселерге ғана ақша жұмсаңыз.
  5. Психикалық жүйке ауруханасы бүгін 1950 жылғы деңгейдегідей болса балалардың көбі ауруханада болар еді. Дүниежүзіндегі адамдырдың тең жартысы психикалық аурулармен ауратынын дәлелдеген. Себебі материал, мал-мүлікке тікелей қатысты. Сондықтан мүмкіндігіңізше дүние мал-мүлікке тәуелді болмаңыз. Сонда бақытты боласыз.
  6. Намаз бен медитация стрессті азайтады. Зерттеулер көрсеткендей үнемі дұға етіп, медитация жасайтын адамдарда стресс аз болады.
  7. Бақытты ақшаға сатып алу үшін жылына көп ақша табу қажет емес. Бірақ ақшамен бақытты қай кезде сатып алуға болады?
    Егер сіздің негізгі қажеттіліктеріңіз жеткіліксіз болса, сіз оларды ақшамен сатып алған кезде өзіңізді бақытты сезінетін боласыз. Орташа табысы бар адам кенеттен байыған кезде бақытты ақшамен сатып алмайтынын түсінеді екен. Ақшасы бар адам өзін еркін сезіне алады, бірақ бақытты емес.
  8. Стресс – ол инфекциялық ауру. Егер сіз депрессияға ұшыраған адамдармен достассаңыз, көп ұзамай олардың қатарына қосыласыз. Өз өміріңізбен өмір сүру – бақыттың кілттерінің бірі.
  9. Өзіңізге сенімді болыңыз. Егер сіз өзіңізді бағалай алсаңыз, миыңыз сізге сенеді және оны қабылдайды. Себебі біздің миымыз шындықпен қиялды айыра алмайды. Екеуін бірдей қабылдайды. Сондықтан сіздің ойыңыз сіздің миыңызға тікелей әсер етеді. Жақсы ойлар сізге бақыт әкеледі.
  10. 18-33 жас аралығындағылар ең көп депрессияға ұшырайды. Бұл жаста отбасы, білім және жұмыс оларға үлкен стресс болады. Біз 18-33-ті ең жақсы жас деп айтамыз. Бірақ бұл ең қиын жылдар.
  11. Ақылды адамдар өздерін бағалайды және басқаларды тыңдайды. Ал ақымақтар әрдайым өздерін мақтап басқаларды тыңдамайды. Бұл ғылымда «Dunning Kruger» эффектісі деп аталады. Өзін әрдайым мақтайтын адамдар күйзеліске оңай ұшырайды.
  12. Сіздің миыңыз өткен оқиғаларды есте сақтайды. Барлық жақсы және жаман оқиғаларды… Сондықтан жаман естеліктерді есте сақтауға тырыспаңыз. Ұмытуға тырысыңыз. Бұны ұмытудың жалғыз жақсы тәсілі – бұл туралы ойламау. Жақсы естеліктер өмірге бақыт сыйлайтыны анық.
  13. Егер сіз қандай да бір шет тілін білсеңіз, сіздің шешіміңіз ұтымды болуы мүмкін. Мұны Чикаго университетінің зерттеушілері растаған. Адамдар маңызды шешімдер қабылдарда эмоционалға емес логикаға бағынады. Шет тілдер логикалық ойлауды дамыту үшін маңызды стимул болып табылады. Дұрыс шешім бақыт әкеледі.
  14. Егер сіз жоспарларыңызды басқалармен бөліссеңіз, сәттілікке жету мүмкіндігіңіз азаяды. Сіз бұны қызғаныштан деп ойлайтын шығарсыз, бірақ бұл қызғаныш емес. Сіз өзіңізге тым сенімді болғандықтан менің қолымнан келеді деп айтасыз. Екінші жағынан, бұл тәкаппарлық. Жоғарыда айтылғандай, адамның миы шындық пен қиялды ажырата алмайды.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!