БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Ауа тазартқышты қолдан жасап, пайдаланған жөн. Себебі

Біздің күнде пайдаланатын с п р е й ауа тазартқыштардың пайдасынан гөрі з и я н ы көбірек екенін біреулер білсе, біреулер білмейді. Мұндай ауа тазартқыштарды ұзақ уақыт бойы жүйелі пайдалану а с т м а, а л л е р г и я, тыныс жолдары а у р у л а р ы н былай қойғанда о н к о л о г и я л ы қ д е р т к е шалдықтыратынын Американ мамандарының жүргізген тәжірибелері дәлелдеген.

Бірақ біз ауа тазартқыштарды өзіміз қолдан жасап, пайдалана аламыз. Кішкентай кесеге не тәрелкеге су құйып, оған түрлі эфир майларының өзіңізге және отбасыңызға ұнайтын біреуін таңдап, тамызасыз.

Негізінен, цитрус майлары: мандарин, грейпфрут, апельсин, сондай-ақ иланг-иланг, лаванда, т.б. майлардың иістері жағымды болады. Мұндай майлар кез келген дәріханаларда сатылады.

Ауа тазартқыштың эстетикалық жағынан әдемі болғанын қаласаңыз, бос бүріккішке су толтырып, оған қалаған майды қосып, аузын бұрап жауып қоясыз. Қажет кезінде бүркіп отырасыз. Сондай-ақ шаруашылық заттар бөлімінде сатылатын арнайы хош иісті шырақтарды да осы мақсатта пайдалануға болады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!