БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Құлағыңызды мақта таяқшаларымен ЕШҚАШАН тазаламаңыз.

Біз дыбыстарды құлағымыздың көмегімен естісек те, оларға қалай күтім жасау керектігін дұрыс біле бермейміз. Құлақ — біздің денеміздегі ең маңызды мүшелердің бірі. Дыбыссыз әлем біз ойлағаннан да өзгеше. Мұның қадірін құлағы естімейтін жандар ғана біледі. Олай болса, бұл жолы біз сіздерге құлақ күтіміне байланысты бірнеше кеңестерді ұсынамыз. Олардың өзіңізге ұзақ жыл қызмет жасауына жағдай жасаңыз.

1. Мақта таяқшаларын пайдаланбаңыз
Біріншіден, құлық құлақтың жарғағын түрлі и н ф е к ц и я мен ж а р а қ а т алудан сақтайды. Дені сау адамның құлағында міндетті түрде құлық болады. Ал біздер мақта таяқшаларын пайдаланған кезде құлықты дабыл жарғағына қарай итереміз. Нәтижесінде есту қабілет нашарлайды.

2. З и я н ы тимейтін құлаққаптарды пайдаланыңыз
Егер есту қабілетіңіздің жақсы болғанын қаласаңыз, құлақ жарғағына дейін жететін құлаққаптарды таңдамаған жөн. Аталған аксессуар құлықтың көп бөлінуіне жағдай жасайды. Артынша оның барлығы қатып қалады. Сондықтан құлақты толықтай жауып тұратын құлаққап сатып алу керек.

3. Табиғи майларды пайдаланыңыз
Егер құлақ ішінде құлықтың көбейіп қалғанын байқасаңыз, оны табиғи майлардың көмегімен тазартып көріңіз. Ол үшін майға шыланған мақта тығынын құлақ ішінде 10-20 минутқа қалдырыңыз. Бұл әдісті аптасына бір рет жасау жеткілікті.

4. Дәрігерге барыңыз
Әрине, нағыз маманның көмегі қашан да болсын қажет. Есте сақтау қабілетіңізді жастайыңыздан қорғаңыз!

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!