ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Ауыз қуысының жағымсыз иісін басудың табиғи 7 әдісі

Зерттеулер көрсеткендей, әлем халқының 80 пайыздан астамы ауыздың жағымсыз иісінен болып з а р д а п ш е г е д і. Жұмыс сұхбатында немесе кездесуде сағыз шайнап, алма алып жүру әрқашан қолайлы бола бермейді. Көбінесе бұл нашар щеткамен және ауыз қуысының гигиенасын сақтамаумен байланысты. Бұл бір үлкен фактор, бірақ басқа ішкі себептер де бар. Сондай-ақ, бұл өкпеден туындауы мүмкін. Және де г а с т р о э н т е р и т, ойық ж а р а, а ц и д о з және ас қорту жүйесінің бұзылуымен байланысты болуы да мүмкін. Ендеше бүгін біз сіздерге бұл жағымсыз иісті басудың 7 әдісін ұсынамыз.

1. Алма, балдыркөк, сәбіз
Алма мен сәбіз асқазан-ішек жұмысын жақсартуға және денсаулықты сақтауға көмектеседі. Жағымсыз иістің негізгі себебі асқазан-ішек жолдарының дұрыс жұмыс істемеуі деп айтуға болады. Жаңа піскен жемістер мен көкөністерді жеу ауыз қуысын тазартады және б а к т е р и я л а р д ы ж о я д ы. Тіс пен тілді мұқият тазалау керек.

Таңертең аш қарындағы жағымсыз иіс асқазан қышқылының жоғарылауын көрсетеді. Жемістер мен көкөністерді жеу асқазан-ішек денсаулығына және ауыз қуысын тазартуға пайдалы.

2. Көкөністерді көп жеңіз
Ауыздан жағымсыз иіс асқазан қышқылының немесе асқазан-ішек а у р у л а р ы н ы ң белгісі болуы мүмкін. Көкөністерді жеу – иммунитетті көтерудің ең тамаша тәсілі. Көкөністер х л о р о ф и л л г е бай. Х л о р о ф и л л тиімді табиғи детоксикация болып табылады және жағымсыз иісті кетіреді.

3. Айран ішіңіз
Айран ас қорытуға, әсіресе сүт өнімдерін сіңіруге көмектеседі. Бұл ас қорыту жүйесін сау сақтайды және жағымсыз иістің ықтималдығын азайтады.

Ас қорыту жүйесінің нашарлауынан басқа, ауыз қуысында с у л ь ф и т т і қосылыстардың жиналуы тыныс алу жолында жағымсыз иіс тудырады. Сондықтан айран сатып алғанда, қант қосылмаған органикалық айранды таңдаңыз.

4. Шиені көбірек жеңіз
Ауыздағы жағымсыз иісі м е т а н е т и о л д ы ң бөлінуіне байланысты. Шие жеу – бұл иіске қарсы тиімді құрал. Сонымен қатар, даршын да тиімді.

5. Көк шай ішіңіз
Көк шай ішу денсаулыққа көптеген пайда әкеледі, ми жұмысын жақсартады және кейбір қ а т е р л і і с і к түрлерінің қаупін азайтады. Ол сондай-ақ денені детоксикациялауға көмектеседі, осылайша тыныс алу жолының жағымсыз иісін азайтады. Көк шайдың құрамында ауыз қуысындағы бактериялармен күресуге көмектесетін к а т е х и н деп аталатын табиғи антиоксидант бар.

6. Цитрус жемістерінің б а к т е р и я л а р д ы ж о я т ы н қасиеті бар
Цитрус жемістеріндегі лимон қышқылы ауыз қуысы мен ас қорыту жолындағы б а к т е р и я л а р д ы ң көбеюін азайтуға көмектеседі.

7. Су ішіңіз
Аузыңызды ылғалдандыру арқылы сіз тамақ қалдықтарын шайып тастай аласыз. Бұл ауыз қуысында б а к т е р и я л а р д ы ң көбеюіне жол бермейді. Су метаболикалық процестер үшін де маңызды. Сондықтан күн сайын жеткілікті мөлшерде су ішуді ұмытпаңыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!