ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Аяқ-қолы мұздайтын адамдар

Қол-аяқтың тоңуы қан айналымының нашарлығына байланысты. Біз қан айналымын күнделікті диета мен тамақтану арқылы жақсарта аламыз.

Белгілері

©Pixabay

Тез тоңады, жылы ортаға үйреніп қалған және де қолдары мен аяқтары үнемі суық болады. Аяқ-қол мұздау қан айналымының баяулауынан, қан тамырларының жіңішкеруінен және де қол мен аяқтағы теператураның төмендеуінен болады. Әйелдердің аяқ-қолдары жиі мұздайды. Еуропалық медицинада бұл ауру деп саналмайды. Бірақ емделмеген жағдайда аяқ-қол жиі ұйып, сондай-ақ бас ауруына, бел ауруына, көз қарауытуына және де ұйқысыздыққа әкелуі мүмкін.

Себептері

©Pixabay

Аяқ-қолдың ұштары жүрекке өте алыс. Сондықтан қан айналымы нашарлаған кезде бірінші болып зардап шегеді. Қан айналымы және аяқ-қолдың қозғалысын басқаратын жүйкелердің бұзылуы да қолдар мен аяқтардың мұздауына себеп болады. Бақылаулар көрсеткендей, бұлшықеттердің де әсері бар. Әйелдердің бұлшықеті ерлерге қарағанда жетілмегендіктен олардың аяқ-қолы көп мұздайды.

Емдеу

©SnappyGoat

Аяқ-қолы мұздайтын адамдар бұл мәселесін шешу үшін дене температурасын көтеріп, қан айналымын жақсарту керек. Ол үшін жылы ваннаға түсу, дене шынықтыру, жаттығулар жасау және дұрыс тамақтану керек. Ақуыздар мен дәрумендер жоғары калориялы тағамдарды жеп, қантты, майлы тағамдардан мүмкіндігіңізше аулақ болыңыз. Сондай-ақ, салқын сусын ішпеңіз. Жүйке жүйесін бұзбау стресстен аулақ болу керек.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!