ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Шашты ТЕЗ өсірудің ЖЕТІ жолын үйреніп алыңыз

Көптеген арулар шашты мықты етіп, тез өсіретін маска, қоспаларды іздейді. Сондықтан бұл жолы назарларыңызға шашты тез өсіретін жеті әдісті ұсынамыз.

1. Су ішу
Күніне 7-8 стақан су ішетін болсаңыз, бүкіл ағзаға пайдасы тиеді. Шашыңыз да тезірек өсе бастайды.

2. Шаш қию
Шаш ұшталып кетсе, өте баяу не мүлде өспейтінін естен шығармаңыз. Сол себепті шашты мейлінше жиі қиып тұру керек. Кептіргіш, түзеткіш, стайлер, бұйралағыштар шашты құрғатып жібереді. Сол себепті мамандар шашты үш айда бір рет қиып тұруға кеңес береді. 1-2 см-ге қысқартып тұрсаңыз, шашыңыз тез өседі.

3. Шаш тарау
Шашты күніне 4 рет тарап тұру керек. Ол шаш фолликуласын тезірек өсуге итермелейді.

4. Маймен уқалау
Шашты қалыңдатудың ең оңай жолы – басты жылы маймен уқалап, массаж жасау. Ошаған немесе майсана майын пайдалануыңызға болады. Ол үшін майды қыздырып, басыңызға жағыңыз. 15-25 минуттан соң шашыңызды жуып тастаңыз. Бұл әдісті екі аптада бір рет қайталап тұру керек.

5. Протеин
Күнделікті жейтін тағамымыз да шашқа әсер етеді. Ақуыз – шаш фолликулының қалыпты қызмет етуіне көмектеседі. Ақуызды тағамға ет, балық, сүт, банан жатады.

6. Ақуыз
Құрамында ақуызы бар дәрумендер емдік қасиетке ие. Бірнеше жұмыртқаның сарысын ағынан бөліп алыңыз. Ақуызды шашқа жағып, 30 минуттай күтіңіз. Содан соң шашты әдеттегідей жуып тастаңыз. Нәтижесін бірден байқайсыз. Бұл масканы араға екі-үш апта салып, қайталап тұрғаныңыз абзал.

7. Картоп
В дәруменін көбейтсеңіз, шашыңыз тез өсетін болады. Сондықтан картопты үккіш арқылы үгітіп, маска дайындаңыз. Шашқа жағып, 15 минуттан кейін сусабынмен жуып тастаңыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!