ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Егер шашыңыз ұшталатын болса осы әдісті қолданыңыз

Әрбір ару шашының әдемі болғанын қалап, оны ұқыптап, күтіп жүреді. Шаш мәселесінің ең қиыны – шаштың ұшталуы. Сондықтан бұл жолы біз сіздердің назарларыңызға шашты е м д е у д і ң бірнеше жолдарын ұсынамыз.

Бал суы
2 шай қасық балды 1 стақан ыстық суда ерітіп, қоспаны жақсылап араластырыңыз. Шашты өріп, ұшын қоспаға батырып қойыңыз. 10 минуттан кейін шашты кептіріп, тараңыз.

Маска
2 ас қасық сығымдалған ашытқыны 0,25 стақан айранмен араластырып, тұндырып қойыңыз. Біраз уақыттан кейін қоспаны шаштың ұшына жағып, сүлгімен орап тастаңыз. Жарты сағаттан кейін сүлгіні алып, шашыңызды жуыныңыз.

Май
Шаш ұшталуының алдын алу үшін жылы май компресін жасау керек. Ол үшін зығыр, зәйтүн, майсана, ошаған, миндаль немесе жожоба майын бірін ыдысқа құйып, қайнап жатқан суға салып, қыздырып алыңыз. Содан соң басыңызға жағып, пакет немесе жылы сүлгімен басты орап, 1 сағат күтіңіз. Уақыт өткен соң жылы, лимон қышқылы араласқан сумен жуып тастаңыз.

Е м д е й т і н қына маскасы
Бұл масканы дайындау үшін түссіз масканы пайдаланған жөн. Қынаны тәрелкеге сеуіп, бір тұтас қоспа болғанынша қайнаған су қосып, араластырыңыз. Тұндырып қойып, біраздан кейін шашқа жағып, 30-40 минуттан соң сусабынсыз жуып тастаңыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!