ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Құрғақ бетке қалай күтім жасау керектігін үйреніп алыңыз

Теріге ылғал жетіспегендіктен қабыршақтанып, тез құрғап кетеді. Бұл көбінесе жазда жиі туындайтын мәселе. Теріңіз майлы не аралас болса, жаз маусымында құрғап, бұзылуы мүмкін. Ендеше оны қалай емдейміз?

Лосьон
Жүзімді езіп, шырынын сығып алыңыз. 1-2 сағаттан соң бөлек ыдысқа сүзіңіз. 400 мл жүзім шырынына 1 шай қасық ас тұзы мен 2 ас қасық табиғи балды қосып, жақсылап араластырыңыз. Кейін бұл қоспаны тағы да сүзіп алып, 1 стақан с п и р т қосыңыз. Бетті сулап жіберіп, лосьон жағып қойыңыз. 2 сағаттан соң жылы сумен жуыныңыз. Бұл лосьонді тек бетке емес, бүкіл денеге жағуға болады. Артылып қалған қоспаны тоңазытқышта сақтай аласыз. Сақтау мерзімі 21 күн.

Қатты құрғаған бетке арналған маска
1 шай қасық табиғи балды 1 шай қасық құрғақ сүтпен араластырыңыз. Масканы жылы, қайнаған сумен қаймақ тектес қоспа болғанынша араластыру керек. Бетке жағып, 15 минуттан соң жуып тастаңыз.

Егер бетіңіздің типі майлы болса, 2 шай қасық өсімдік майы мен 1 шай қасық қышаны сумен (кішкене ғана) араластырыңыз. Қоспаны бетке жағып, 5 минуттан соң шайып тастаңыз. Бұл процедураны аптасына екі рет жасап тұру керек.

Цитрус маскасы
Апельсин не грейпфруттың шырынын сығып алып, 2 шай қасық табиғи балмен қосып, араластырыңыз. Қоспаны тек таза бетке жағу керек. Маска 5-10 минут бойы тұру керек. Бұл қоспа теріні жақсы ылғалдандырады, ал құрамындағы қышқылдар бетті ағартады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!