ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Егер аяқтарыңыздағы тамырлар көрініп тұрса, осылай оңай е м д е у г е болады

Кейбір аруларымыз көктамырлардың түйнеліп кеңеюі мәселесіне шалдығады. Ендеше оны қалай емдейміз? Дәстүрлі медицинаны қолданып, в а р и к о з д ы кетіруге бола ма? Әрине…

Қызанақ
2 жасыл қызанақты кесіп, тамырдың үстінен басып, бинтпен орап қойыңыз. 3 сағаттан соң бинтті шешіп, аяқты жылы суда 15 минуттай ұстау керек.

Сарымсақ
Ақ сарымсақтың тазартылған тілімдерін ұсақтап кесіңіз. Оны сары маймен 1:2 қатынасында араластырыңыз. Дайын қоспаны тамырлары көрініп тұратын жерге жағып, жылы орамалмен орап тастап, ұйықтаңыз. Таңертең аяқты жақсылап жуып, жылы шұлық киіңіз.

Құлмақ сусыны
Құрғақ құлмақ түйініне бір стақан қайнаған су құйып, үш минут баяу отқа қойып, қайнатыңыз. Жылы жерде қақпағын жауып, тұндырыңыз. Бұл сусынды үш ай бойы күнде тамақтану алдында 20 минут бұрын ішіңіз.

Шөпті қоспа
Құрғақ жусанды жылы, қыздырылған сүтпен араластырыңыз. Нәтижесінде паста тектес қоспа болуы керек. Оны аяққа жағып, бинт немесе жылы орамалмен ораңыз.

Жұпар жаңғағы
Бірнеше жұпар жаңғағын ұн тектес болғанынша ұсақтаңыз. Ол үшін кофетартқышты пайдалануға болады. 1 ас қасығына 1 стақан қайнаған су құйып, 5-10 минуттан соң 1 ас қасық балмен араластырыңыз. Тұнбаны бірнеше сағат жылы жерде ұстау керек. Бұл сусынды күніне 3 мезгіл, тамақтануға 20 минут қалғанда 1/4 стақан көлемінде ішіп тұрыңыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!