БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

ТОҢАЗЫТҚЫШЫҢЫЗҒА НЕГЕ ТИЫН САЛУ КЕРЕК? СЕБЕБІН БІЛІП АЛЫҢЫЗ

Кейде ұзақ жолға шығып, үйден бірнеше күнге кетуге тура келеді. Сол уақыттарда электр қуатының үзілуі де жоққа шығарылмайды. Тоңазытқыштар үйден шыққан кезде барлығымызды алаңдатады. Ендеше бұл жолы біз сіздерге үйден бірнеше күнге шыққан кезде тоңазытқыштағы тағамның бұзылмағанына көз жеткізудің қызықты және қарапайым әдісін ұсынамыз. Ол үшін бір кесе суды қатырып, үстіне тиын салып, қайтадан тоңазытқышқа салыңыз. Үйге қайтып келген соң, кесеге қараңыз. Егер тиын сол қалпында болса, тоңазытқыштағы тағамдарды еш қиындықсыз пайдалануға болады.

Ал, егер тиын кесенің ортасында болса, бұл электр қуатының үзілуі бірнеше сағатқа созылғанын білдіреді, бірақ ұзақ уақыт емес. Сондықтан, тоңазытқыштағы тағамдарды еш қиындықсыз пайдалана аласыз. Егер тиын кесенің түбінде болса, тағамдарды тоңазытқыштан шығарып тастағаныңыз жөн. Себебі, электр қуаты ұзақ уақыт үзілгенін, тоңазытқыштағы мұздың ерігенін білдіреді. Бұл жағдайда барлық тағамның бұзылуы мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!