БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Асхана тақтайын осылай оңай тазалауға болады. ҮЙРЕНІП АЛЫҢЫЗ

Біз асхана тақтайын үнемі пайдаланатын болғандықтан, әртүрлі тағамның майы, иісі өте тез сіңіп қалады. Мұндайды ыдыс жуатын құралмен кетірудің өзі қиынға с о ғ а д ы. Әдетте асығыстықпен үстіне ыстық шәугімді қойып, күйдіріп аламыз, п ы ш а қ п е н сырамыз. Олай болса, бұл жолы біз сіздерге оны оңай тазартудың жолын ұсынамыз.

Асхана тақтайын тазалау үшін бізге лимон мен ірі немесе теңіз тұзы қажет болады. Ең алдымен лимонды екі бөлікке бөліп, артынша оның көмегімен тақтайдың бетін жақсылап, сүртеміз. Кейін оның бетіне тұз жағып, 10-15 минутқа қалдырамыз. Енді лимонның қалдығымен бетін жақсылап ысқылаймыз.

Соңында таза сумен жақсылап жуып, кептіреміз. Әрине бұл әдіспен сырылған жерлерін қалпына келтіру қиынға с о ғ а д ы. Алайда күйіктің іздері мен сіңіп қалған иісті бірден ж о ю ғ а болады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!