БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Әрбір бойжеткеннің міндетті түрде білуі керек сұлулық сырлары

Әдемі болып көріну барлық қыздардың арманы. Сол себепті әрбір бойжеткен сырт келбетке аса мән беріп, күтім жасайды. Ендеше біз теріңіз мерзімінен ерте қартайып, бұзылмауы және үнемі сұлу, сымбатты болып жүру үшін назарларыңызға сұлулық сырларын ұсынамыз.

1. Бетті тазартып, қабыршақтануды кетіру үшін соданы 3 пайыздық сутек тотығымен араластырыңыз. Оны бетке уқалап, массаж жасап жағыңыз.

2. Дәріханадан Е дәруменінің майлы ерітіндісін (капсула түрінде) сатып алыңыз. Оны бетке уқалап жағып, 30 минуттан кейін жұмыртқа сарысын жағыңыз. 30 минуттың ішінде теріге толықтай сіңуі керек. Уақыт өткен соң салқын сумен жуып тастаңыз. Бұл әдіс беттегі безеуді кетіріп, ұсақ тесіктерді тазартуға көмектеседі. Үнемі жасап тұратын болсаңыз, бет терісі жылтырап, жұмсара түседі.

3. Аяққа арналған скраб дайындау үшін зәйтүн майы, бал мен қант (1:1 қатынасы шамасында) араластырып, қоспа жасаңыз.

4. Түктерден құтылу үшін 2 ас қасық кофе тұнбасы мен 1 шай қасық сода араластырыңыз. Қоспаны теріге жағыңыз. Бір аптаның ішінде түктер азая бастайды.

5. Сусабыныңызға сода қосып, басыңызды әдеттегідей жуыңыз. Нәтижесінде шашыңыз жеңілдеп, көлемі ұлғая түседі.

6. Қырынуға арналған кремнің орнына балаларға арналған майды пайдаланған жөн. Сонда аяқ терісі бұзылып, тітіркенбейді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!