ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Егер шашыңыздың ұзын болғанын қаласаңыз, осы әдісті үйреніп алыңыз

Егер сіз шашыңызды аз уақытта өсіремін десеңіз, оған арнайы күтім жасау қажет. Бірақ қалай күтім жасау керектігін білмей жүрсіз бе? Олай болса аптасына бір рет бұл масканы дайындап, қолданып көріңіз.

1. 30 гр ашытқыны 1 ас қасық сумен араластырып, оған 2 ас қасық бұрыш тотығын қосыңыз. Қоспаны жайлап шашқа жағып, 20 минуттан кейін сусабын қолданып жуып тастаңыз.

2. Бірнеше ас қасық шөп қайнатпасын 1 шай қасық ашытқымен араластырып, оны 30 минутқа қалдырыңыз. Жұмыртқаның сарысын 1 ас қасық ошаған майы мен бірнеше тамшы эфир майын қосып араластырыңыз. Оны шашқа жағып, сүлгімен орап алыңыз. Бір сағаттан соң жуып тастаңыз. Бұл масканы аптасына екі рет дайындап, қолдану керек.

3. 1 ас қасық құрғақ ашытқыны 2 ас қасық қыздырылған сумен араластырыңыз. 1 шай қасық қант қосып, бір сағаттан кейін 1 ас қасық бал мен 2 шай қасық қыша ұнтағын қосыңыз. Масканы шашқа жағып, 1 сағаттан кейін сусабынмен жуыңыз. Бұл масканы аптасына 1 рет жасауға болады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!