БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Қайызғақтан құтыла алмай жүрсіз бе? Олай болса бұл керемет әдісті қолданыңыз

Қайызғақ – Бұл тері б е з д е р і н і ң күшеюінен немесе нашарлануынан пайда болатын тері а у р у ы. Шашты, теріні  күтпегеннен, зат айналымының дұрыс жұмыс істемеуінен және дәрумен жетіспеушілігінен пайда болады. Сонымен қатар, қайызғақ и н ф е к ц и я арқылы да жұғады. Осы тұрғыда майлы шаштағы қайызғақты сусабынмен жуып құрғату керек болса, құрғақ шаштарға керісінше, яғни, оны емдеп, болдырмаудың түрлі тәсілдері бар. Десе де, оған қ а р с ы шараны жүзеге асырар бұрын оның неден, қалай пайда болуының себебін анықтау керек.

  • Дұрыс тамақтанбау. Ащы, тұзды, майлы және қуырылған тағамдар. Ұннан жасалған өнімдер мен тәттілер, көмірсулар әсерінен.
  • Жеке гигиенаның сақталмауы. Өйткені, қайызғақ ж ұ қ п а л ы болып келеді.
  • Дәрумен жетіспеушілік

Жеміс-жидек пен көкөніс көп жеуге тырысыңыз. Денсаулықтың ғана емес, сұлулықтың да кілті дәруменде. Шашқа  қайызғақ түсуі оны дұрыс күтпегеннен де болады. Сондықтан, мына масканы жасап көруге кеңес береміз:

Қалақайдың 100 гр ұсақтап кесілген жапырағын сірке суы мен су қоспасына (жарты литр 6 проценттік сірке суы мен жарты литр су) салып 30 минут қайнатыңыз. Шашты сүзілген қайнатындымен (сабынсыз) 10 күн сайын жуып тұрыңыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!