БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Сүт тасымас үшін не істеу керек? БІЛІП ЖҮРІҢІЗ

Сүт – өте тез тасыйтын ақтамақ. Ол тасыса барлық жерді бірақ былғайды. Пешімізді тазалау да қиынға с о ғ а д ы. Сіз өміріңізде бір-екі рет болсын сүт пісіріп жатып, оны тасытып көрген шығарсыз. Ендеше бұл жолы біз сіздерге сүтті тасытпай пісірудің оңай жолдарын назарларыңызға ұсынамыз. 

Бірінші: Ол үшін бар болғаны ішіне темір қасық салып қою қажет. Бірақ сүт піскен соң қасықты сүлгімен алуды ұмытпаңыз. Өйткені ол өте ыстық болады. 

Екінші: Мұнымен қатар, бетіне ағаш қасық қойып қоюға болады. Ағаш қасық сүтті тасытпай пісіруге көмектеседі. Бұл әдістер сіздің өміріңізге керек болады деген үміттеміз. Достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз. Іске сәт.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!