ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Ең жақсы ата-ана болудың 10 ережесі

  1. Балаңыздың өзі жеке бір тәуелсіз әлем екенін әрдайым есте сақтаңыз. Оны ешкіммен ешқашан салыстыруға болмайды.
  2. Ата-анасы екеуі бірдей көзқараста болу және бірдей балаларына қамқорлық жасау керек. Біреуі рұқсат беріп, екіншісі бас тартып тұратын болса бала тұрақсыз болады.
  3. Балаңыздың таңдауын құрметтеңіз. Мысалы: Көптеген отбасыларда үлкендер ғана кешкі асқа не дайындауды шешеді, ал балалардан еш сұрамайды.
© 2011 Lotus Carroll
  1. Балаңызға көшбасшы бол, жетістікке жет, 1-ші бол деп талап қоймай, өз міндеттерін орындауды үйретіңіз. Жеңу, табысқа жету маңызды емес, бастаған ісін соңына дейін жасай білу, жаңа нәрсе үйрену, бұрынғыдан жақсара білу маңызды.
  2. Баланың атынан шешім қабылдамаңыз және оның қолынан келетін нәрселерді өзіне жасатыңыз.
  3. Әр балаға кезекпен күніне кем дегенде 20 минут сөйлесуге, ойнауға уақыт бөліңіз.
©Hippopx
  1. Ата-аналар балаларының алдында дауласуға болмайды. Баланы ең бақытты ететін нәрсе – бұл ата-ананың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығын сезінетін кездері.
  2. Балаңыздың ұнататын, ұнатпайтын және қолынан не келетінін бақылау арқылы оны қолдаңыз.
  3. Ата-аналар өздерінің ашуы мен күйзелісін қалай жеңуге болатындығын нақты түсіну. Өз стрессін дұрыс қабылдамағандықтан, бала қателік жасаса оған қол тигізетін жағдайдар да аз емес.
  4. Ата-ана ретінде сіз балаңызға өмір бойына үлгі боласыз. Сондықтан әрқашан өзіңізді дамытыңыз және оқыңыз. Бала сіздің не айтқаныңыздан емес, не істегеніңізден үйренеді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!