ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Б а к т е р и я л а р ең көп жиналатын ас үйдегі жабдықтарды жақсылап тазалауды ұмытпаңыз!

Сіз ең ұқыпты ас үй ханшайымы болсаңыз да, ас үйдегі сіз ойламаған кей заттар б а к т е р и я л а р ғ а толы болады.

Ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша
Ыдыс-аяқ жуатын шұңғылшаны ылғал дәкемен сүрту жеткіліксіз. Оны ыдыс жуған сайын сабынды қосындымен жуып, аптасына бір рет д е з и н ф е к ц и я жасау керек.

Тоңазытқыш суырмалары
АҚШ-тың микробиолог ғалымдары қарапайым тұрғындардың ас үйлерінен сынамалар алған кезде тоңазытқыш суырмалары б а к т е р и я л а р ең көп жиналатын тізімнің бастапқы орнына шыққан. Санитарлық қызметтер азық-түлік өндірістерінде «тауарлық көрші» талабын тексеріп тұрады. Біз үйімізде сол талапты сақтамаймыз. Мысалы, ет және сүт тағамдарын бір суырмада сақтауға болмайды. Ет тағамдарын әрқашан контейнерге салу керек. Ет және балық тағамдарына жеке бір суырма арнап қойған жөн. Сондай-ақ тоңазытқыштағы кез келген дақты бірден жуып тастау керек. Айына бір рет тоңазытқышты босатып, тоңазытқыш суырмаларын сабынды сумен жуып, құрғатып сүрту керек.

Консерві п ы ш а қ т а р
Адамдардың көбі консерві п ы ш а қ т а р ы н а аса мән бермейді. Консерві п ы ш а қ т а р ы н әр қолданған сайын сабындап, ыстық сумен жуып алу керек.

Сорғыштар мен ысқыштар
Зерттелген ыдыс жууға арналған сорғыштардың (губка) 75 пайызынан ішек таяқшасы бар болып шыққан. Оның себебі ас үй ханшайымдары сорғышқа д е з и н ф е к ц и я жасамайды және әр ыдыс жуып болған соң сорғышты толықтай шаймайды. Сорғыш сабынды болғандықтан, оған б а к т е р и я жиналмайды деген қате пікір бар. Б а к т е р и я л а р сұйық және қатты сабында да тарай береді. Сондықтан әрбір екі апта сайын ыдыс жууға арналған сорғышты жаңасына ауыстырып тұрыңыз.

Блендер
Тазартылған блендер болса да оның п ы ш а қ астындағы резеңке төсемінде және қақпақ тығыздауышында тағам қалдықтары қалып қояды. Сондықтан блендерге 1 стақан ыстық су құйып, оған бір тамшы жууға арналған сұйықтық тамызып, блендерді айналдырыңыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!