ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Тез ағарудың жолдарын үйреніп алыңыз

Жазда кейбір адамдар қарайып, күнге к ү й г е н д і жақсы көреді. Ал кейбіреулер үшін денесінің күнге к ү й м е й, өз терісінің түсі сақталғаны маңызды. Бетті ағартатын секілді денені де ағартатын керемет рецепт бар деп айта алмаймыз. Тек өзіңізге күтім жасап, к ү й ю д і ң алдын алсаңыз, дене теріңіз өзіңіз қалағандай болады. 

1. Далаға шығар алдында, күн ыстық болса міндетті түрде күннен қорғайтын крем жағыңыз. Бетпен қатар, аяқ-қолға, тіптен денеге де жағуға болатын түрлері бар. Күннен қорғайтын крем барлық мәселені шешеді. Беттің секпіл, әжім шықпауынан қорғап, киім жоқ жерде күннің ізі қалып, дененің к ү ю і н е н қорғайды.

2. Теріні ағартуға ақ глина көмектеседі. Дайындап, денеге жағып, 10-15 минутқа қалдырасыз. Мұны аптасына 1-2 рет қолдануға болады. 

3. Душ немесе ванна қабылдау кезінде денеге арналған скраб қолданыңыз. Дененің артық, ө л і терісін алып, түгелдей тазартып, дене терісінің жұмсақ болуына көмектеседі. Егер сол серияның, яғни иісі бірдей скрабпен қоса жуынуға арналған гель түрін қолднасаңыз тіптен керемет. 

4. Терінің әдемі әрі жұмсақ болуы үшін арнайы денеге күтім жасау құралдарын қолданыңыз (денеге арналған гель, скраб, маска, крем т.б). Күнделікті ұйықтар алдында денеге арналған крем жағу да – керемет.

5. Ванна қабылдау кезінде арнайы теңіз тұзын пайдаланыңыз. Суға теңіз тұзын сеуіп, ванна қабылдасаңыз, денені ағартуға септігі тиеді. 

Үй жағдайында бетті ағарту:

1. Қиярмен бетті ағарту маскасы. Қиярды тазалап, үккіштен өткізіңіз. Қиярдың ортасындағы жұмсақ жерінен алып, бір шай қасық лимон шырыны мен жарты ас қасық қаймақ қосып, араластырыңыз. Дайын болған масканы бетке жағып, 15 минутқа қалдырыңыз. Кейін бетіңізді сумен жуыңыз. 

2. Лимон мен қаймақтан бетті ағарту маскасы. Қою керемет ас қасықпен қаймақ түрін алып, ас қасық лмион шырынын қосыңыз. Жақсылап араластырып, бетке жағып, 15 минуттан соң сумен жуыңыз.

3. Күріш арқылы маска жасау. Күрішті жұмсақ болғанша қайнатып, дайын болған соң, оны суытыңыз. Сосын бетке жағуға болады. Немесе мұз формасына дайын болған күрішті салып, қатырып, мұз ретіндегі күрішпен бетті сүртуге де болады. Бұдан соң міндетті түрде крем жағу қажет. 

4. Сүт өнімінен бетті ағарту маскасы. Айранды балмен араластырып, жағып, 15 минутқа қалдырасыз да, жуып тастайсыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!