БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Егер аяқ киім қажаса не істеу керек?

Кейде жақында ғана алған аяқ киім дүкенде шақ болып тұрғандай көрінгенімен, үйге келіп кигенде аяқты қысып, сәл жүрген соң мүйізгек (мазоль) шығарып жіберуі әбден мүмкін. Мұндай жағдай әр адамда болған шығар. Ендеше бұл жағдайда не істеуге болады?

Сауда орталықтарында кей дүкендерде сатып алынған киімді 14 күн ішінде ауыстыруға не қайта тапсыруға мүмкіндік бар. Осы мүмкіндікті жіберіп алмай, аяқ киімді дүкенге қайтарыңыз. Бірақ, аяқ киім далаға киілмеген болуы керек. Этикеткасы болған жағдайда, оны жұлмаған абзал. Қорап пен чекті міндетті түрде алып барыңыз. Жеке куәлігіңізді де ала барған жөн. Егер қолма-қол төлесеңіз, ақшаңызды дәл сол уақытта қайтарады. Ал егер банк карточкасынан төлесеңіз, бір жеті күтесіз.

Аяқ киімді далаға киіп қойған соң, өзіңізде қалдыруға тура келсе, оны алыс сөреге салудың қажеті жоқ. Туфлиді аяғыңызға қарай кеңейтіп алсаңыз болады. Оның мынадай әдістері бар:

Жылыту. Аяқ киімді фенмен әбден жылытып, ішіне арнайы аяқ киім кеңейтетін сұйықтық шашыңыз. Туфлиді қалың шұлықтың сыртынан киіп алыңыз. Осылай бірнеше рет қайталаңыз.

Орау. Орамалды қатты сулап, жаңа аяқ киім тұрған қорапты орап тастаңыз. Түні бойына қалдырып, таңмен туфлиді киіп алыңыз. Сулы жерде жатқан туфлидің терісі жібіп, оны кеңейту оңай болады. 

Мұздату. Екі берік полиэтиленді пакетке су құйып, аузын байлаймыз. Пакеттерді туфлидің ішіне, қысатын жеріне саламыз. Таңға дейін аяқ киімді мұздатқышқа саламыз. Бұл әдісті бірнеше рет қайталаңыз. Қатқан су қысып тұрған жерлерді кеңейтеді. Туфли ішіндегі мұз ерімейінше шығармаңыз. 

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!