ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Егер сіз сау болғыңыз келсе, осы 6 ережені ҰСТАНУЫҢЫЗ керек

Егер сіз толы энергиялы, салауатты өмір салтын арттырғыңыз келсе, мына 6 ережені ұстаныңыз. Күн сайын таңертең жеңіл жаттығулар жасау көңіл-күйге, таңертең етре тұруға оң әсер етеді. Бұл ережелер салмақ тастауға да көмектеседі.

©PixaHive

#1. Оянған бойда созылыңыз
Ояна сала төсектен тұруға асығудың қажеті жоқ. Денеңізді босатып, жоғары қарап, қолыңыз бен аяғыңызды мүмкіндігінше жоғары көтеруге тырысыңыз. Бұл жаттығуларға үш минут жеткілікті.

#2. Аш қарынға жылы су ішіңіз
Егер сіз күн сайын таңертең 150-200 мл қайнаған жылы су ішсеңіз, асқазан-ішек жолдары ауруларынан аулақ бола аласыз. Бұл ас қорыту жүйесін тазартады. Салмақты бір қалыпты сақтауға және арықтауға әсер етеді.

#3. Тістеріңізді жақсылап жуыңыз
Аппақ, сау тістер сіз күлімсірегенде сән береді. Тістеріңізді үнемі жуу сіздің денсаулығыңызға пайдасы өте мол. Сондай-ақ, таңертең тіс тазартуға кем дегенде 3 минут уақыт жұмсаңыз. Және де ауыз қуыс бактериялары салмақ қосудың тағы бір себебі болып табылады.

#4. Күн сәулесі – тіршілік көзі
Күн сәулесі жетіспеген кезде адам ағзасында аштық гормоны /грелин/ көп бөлінеді. Сондықтан бөлмеңіздегі перделерді ашып, күн сәулесінен бақытты сезініңіз.

#5. Таза ауа жұтыңыз
Сыртқа шығып 5 минут болсын жүрсеңіз, денеңіз оттегімен толық қамтамасыз етіледі. Таза ауа сізге өте мол энергия береді. Егер сіз шыға алмасаңыз терезені ашып, басыңызды шығарып терең дем алыңыз. Таза ауа өте маңызды.

#6. Таңғы асты қалдырмаңыз
Таңертеңгі ас – бұл өте маңызды. Бұл сіздің күніңіздің жақсы, толы энергиялы болуының басты себебі болып табылады. Таңғы асқа ақуыз өнімдерін таңдаңыз. Бұл сізді күні бойы қанықтық пен қуатқа бөлейді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!