БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Етті қалай жылдам әрі жұмсақ етіп пісіруге болатынын ҮЙРЕНІП АЛЫҢЫЗ

Қазақтардың сүйсініп жейтін сүйікті тағамы – жылқы еті. Төрт түліктің төресі болып саналатын жылқы малының еті әрбір қазақтың дастарханынан табылады. «Қонақ келсе құт келеді» деп білетін қазақ халқымыз соғымның ең дәмді де нәрлісін мейманына ұсынады. Күтпеген жерден үйіңізге қонақтар келіп қалды делік. Сол сәтте етті жылдам әрі жұмсақ етіп пісіру керек болады. Ендеше қулығыңызға жарайтын бірнеше кеңестерді ұсынамыз.

1. Етті асқан бойда бір ас қасық сұйық май құйып жіберіңіз.

2. Келесі әдіс – ет  асқан кезде қазанның түбіне етпен бірген кішкентай шыны банка салып жіберіңіз. Етіңіз балбырап, жылдам піседі.

3. Ет салынған ыдысқа 1-2 қасық ас үйге арналған сірке суын құйсаңыз, етіңіз жұп-жұмсақ болып піседі.

4. Ет асқан ыдысыңызға бір шымшым ас содасын салып жіберіңіз.

5. Қатты етке тап болдыңыз делік, асығыс болмаса асатын етті сәл жұмсарту үшін түнде қыша (горчица) жағып тастаңыз. Ал, етті пісіретін уақытта салқын сумен шайып жіберіп, суға сүңгітсеңіз балбырап шыға келеді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!