БІЛІМ

Адамдардың түс таңдауына қарап мінезін байқаңыз. Сіз қандай түсті ұнатасыз?

Психологтар адамдардың түс таңдауына қарап, олардың мінезін, ішкі жан-дүниесін біле алады. Киім, автокөлік, жиһазды таңдауда әрқайсымыз әр түрлі талғам жасаймыз. Біреулерде бір ғана сүйікті түсі болады. Олар қандай зат алса да, сол түстегісін алады. Ал кейбіреулер киімнің жиі қара түстісін таңдап, автокөліктің ақ, жиһаздың қоңырын ұнатады. Сонымен өзіңіздің немесе жақындарыңыздың мінезін білуге тырысып көріңіз.

Қара 
Қара түсті көбіне жұмбақ, құпия болуға тырысатындар жақсы көреді. Олар өзінің ойын көп жерде айтпайды. Жасыруға тырысады. Қара түсті таңдайтындардың шын мәнінде жан-дүниесі бостау келеді дейді психологтар. 

Жасыл
Жасыл түсті үйлесімділікті қалайтындар ұнатады. Бұл түс үмітті білдіреді. Жасылды жақсы көретіндер тыныштықты жаны қалайды. Дегенмен көпшілікпен араласқанға қ ұ м а р. Шыдамды, тым байсалды. Ұжымның арасында өзін көрсеткенді қаламайды. Өйткені өзгелер жомарттығын пайдаланып кетеді деп қорқады.

Қызыл
Қызыл түс күшті білдіреді. Көбінесе қызуқанды адам киімді осы түстен таңдайды. Албырт, белсенді, тез шешім шығаратындар бір орында отырғанды қаламайды. Өмірден бәрін үйреніп, алға ұмтылғыштар қызылға қ ұ м а р. Оларды бірқалыптылық тез жалықтырады. Айналасындағылардың қателігіне көз жұмып қарамайды. Шынайылықты жақсы көреді.

Ақ
Ақ түс адамның аңқаулық, пәктік, албырттықтың мінезінен хабар береді. Көбінесе ақты жастар жөн көреді. Ал бұл түсті ересек жастағы жанның таңдағаны оның өзгеге көмектесуге ынтығып тұратынын аңғартады. Оның қолынан көп нәрсе келеді. Алдына мақсат қойғыш жан. Сонымен қатар ақ түсті киім кигенді қалайтын ересек адамдар қарапайым өмірді қалайды әрі жастық шағын жиі аңсайды.

Күлгін
Күлгін түсті өзінің талғамы орныққан, ақылды екенін сыртқа білдіруге тырысатындар жақсы көреді. Олар жұмыста аса белсенді, әртістік қабілеті бар, ұжымда абыройлы болуға талпынатындар. Олар өзгеге жаны ашығанымен өзін ғана ойлайды. Күлгін түсті қатты ұнататындардың осындай мінезі бар.

Сары 
Сары түсті еркіндікті қалайтындар және арманы биік, қиялға берілгіштер ұнатады. Олар күтпеген оқиғаларды жақсы көреді. Үнемі ізденісте жүреді. Мұндай мінезді адамдардың маңайында көбінесе әзілге жақын адамдар жүреді. Тың идеяларды талқылып, ой таразысына салғанды жаны қалайтын адамдар өзгені тыңдап, өз пікірін де ұмыт қалдырмайды. Бірақ кейде жауапкершіліктен қашады. Бұл өзін еркін сезінгісі келетін әрекеті.

Қызғылт сары, сарғылт
Бұл түсті көбінесе көпшіл, үнемі көңілді жүруге тырысып, белсенді өмір салтын ұстанатындар ұнатады. Олар жүрген ортада ұйымдастырушылық қабілетін танытады. Кез келген ортада танымал. Дегенмен мінезі байсалды. Құбылмалылық, жігерсіздігі да бар. Бұл мінезін жеңу үшін әрекет те жасайды. Негізі қызғылт сары, сарғылт түс жастардың түсі.

Сұр
Сұр түсті сақ адамдар жақсы көреді. Олар еңбекқор, жұмыста марапатқа ие болмаса да жұмысын тоқтатпай, жалғастыра береді. Сұр түске құмарларға бала күнінде ерекше көңіл бөлінбегенін аңғаруға болады. Сондықтан өзін көрсетуге келгенде тым жасқаншақ. Ол мұны қалыпты жағдай деп түсінеді.

Көгілдір, көк
Бұл түсті киімдерді көп киетіндер сараптама жасаудың шебері. Бірақ бұл мүмкіндігін жасырады. Аталған түсті қалайтындар өте қарапайым келеді. Сезімталдығы да бар. Бірақ іштей қатал мінезі де жоқ емес. Оны өзгелерге аңғартпауға тырысады. Көгілдір түсті жақсы көретіндер өте сақ адамдар.

Қоңыр
Қоңыр түсті көбінесе шыдамды, байсалды жандар ұнатады. Ешкімге тәуелсіз, өзінің ойынан қайтпайтын адамдар қалайды. Кейде олармен араласқанда ойын анық түсіну мүмкін емес.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!