БІЛІМПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Үйдегі жағымсыз иістен осылай оңай арылуға болады. ҮЙРЕНІП АЛЫҢЫЗ!

Байқасаңыз, әр үйден әртүрлі иістер шығып тұрады. Бұл бір күндік не ұзақ уақыттық болуы да мүмкін. Біреудің үйінен үнемі ыстық, тәтті тағамдардың иісі шықса, енді біреудің үйінен сыздың иісі шығады. Үйдегі барлық артық иістен оңай арылуға болады. Қалай?

Қысқатолқынды пеш
Су құйылған ыдысқа үш тамшы лимон эфир майын не жалбызды салып, қысқатолқынды пеш ішіне салып қойыңыз. 5 минуттан соң оны алып тастаңыз. Пешіңізде хош иісі аңқып тұратын болады.

Тоңазытқыш
Саз балшықтан жасалған кеуек тасқа не қарапайым дәкеге лаванда эфир майының 1 тамшысын және лимон майының 1 тамшысын тамызып тоңазытқыштың есігіне салып қойыңыз. Дәкеде эфир майы тез буланып кетеді. Эфир майын мезгіл-мезгіл сайын ауыстырып отыруды ұмытпаңыз.

Үй тазаламас бұрын шаңсорғышты қоспай тұрып, мына әдісті байқап көріңіз. Кішкене мақтаға лаванда майын тамызып, оны шаңсорғышқа матап қойыңыз. Сонда ол жүрген ізінің барлығына провансальдық хош иіс қалдырады. Немесе лаванданы өз талғамыңызға қарай, цитрус иісіне, апельсин майына алмастырсаңыз болады.

Өзіңізге ұнайтын иісті эфир майын алыңыз да, оны 1 литр сіркесуына қосыңыз. Жақсылап араластырыңыз. Бұл қарапайым да тиімді қоспаны кез келген жерді тазалауға қолдансаңыз болады. Тіпті күлсалғышқа да хош иіс береді.

Қоқыс шелегін жақсылап жуып тазалап, кепкен соң, түбіне мақта не мата салып қойыңыз. Оған да лаванда майының бір тамшысын тамызуды ұмытпаңыз.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
error: Content is protected !!